Талғардағы оқиғадан кейін дәрігерлердің мәртебесі туралы заң қабылдау ұсынылды

© AFP 2024 / BARBARA GINDLВрач идет по коридору больницы
Врач идет по коридору больницы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Талғар ауруханасында қайтыс болған науқастың туыстары дәрігерлерді ұрып-соғып, марқұмның денесін алып кеткен. Дәрігерлердің жағдайы өте ауыр
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Талғар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жығу фактісінен кейін медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Гүлдара Нұрымова медицина қызметкерлеріне күш қолдануға жол беруге болмайды деп санайды.
"Мен дәрігер ретінде мынаны айтқым келеді: бірде бір дәрігер өз пациентіне өлім тілемейді. Дәрігерлер күн сайын өз жұмысында дөрекілікпен, қорлаумен, агрессивті туыстардың шабуылымен бетпе-бет келеді. Науқастар мен туыстарының тарапынан медицина қызметкелеріне күш көрсету елімізде қалыпты құбылысқа айналып барады", - деп алаңдады Нұрымова.
Оның айтуынша, бір ғана Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 12 фактісі тіркелген. Осыған байланысты депутат үкіметке Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ ол Талғар ауданының ауруханасында болған құқыққа қайшы әрекетке әділ баға беріліп, кінәлілер заңға сәйкес жазаға тартылуы қажет екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлеріне күш көрсетіп, марқұмның денесін алып кеткен. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде таралды.
Денсаулық сақтау министрлігі осы фактіге пікір білдіріп, дәрігерлерді соққыға жыққандарды жазалауды талап етті. Көп ұзамай екі күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Соққыға жығылған екі медицина қызметкерінің жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Жаңалықтар
0