https://sputnik.kz/20230920/stepnogorsk-qalasyndagy-mektep-esepshisi-bes-zhylga-bas-bostandygynan-ayyryldy-38614003.html
Степногор қаласындағы мектеп есепшісі бес жылға бас бостандығынан айырылды
Степногор қаласындағы мектеп есепшісі бес жылға бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Степногор қаласы мектебінің бас есепшісі мектеп директорының ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне жоғары жалақыны заңсыз есептеген. Сот... 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T11:48+0500
2023-09-20T11:48+0500
2023-09-20T11:53+0500
степногор
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Степногор қаласы мектебінің бас есепшісі мектеп директорының ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне жоғары жалақыны заңсыз есептеген. Сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Степногор қаласы мектептерінің бірінің бас есепшісі мекеменің шотынан өзінің банктік шотына қаражат аударып, ол ақшаны банкоматтардан қолма-қол алып отырған. 2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін есепші өзіне 36 миллион теңгеден астам соманы заңсыз аударған. Құқық қорғау органдарының пікірінше, есепші қызметтік ережені пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Степногор қалалық соты экс-есепшіні материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушыдан келтірілген материалдық залал өндірілді. "Сотталған адамның асырауында төрт жас баласы бар екенін ескере отырып, сот Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде баласы 14 жасқа толғанға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдырды", - дейді ведомство хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230919/qazaqtelekom-filialynyn-esepshisi-643-mln-tenge-zhymqyrgan--is-sotqa-zhiberildi-38577800.html
степногор
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
степногор, сыбайлас жемқорлық
степногор, сыбайлас жемқорлық
Степногор қаласындағы мектеп есепшісі бес жылға бас бостандығынан айырылды
11:48 20.09.2023 (жаңартылды: 11:53 20.09.2023) АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Степногор қаласы мектебінің бас есепшісі мектеп директорының ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне жоғары жалақыны заңсыз есептеген. Сот оны бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Степногор қаласы мектептерінің бірінің бас есепшісі мекеменің шотынан өзінің банктік шотына қаражат аударып, ол ақшаны банкоматтардан қолма-қол алып отырған.
2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін есепші өзіне 36 миллион теңгеден астам соманы заңсыз аударған. Құқық қорғау органдарының пікірінше, есепші қызметтік ережені пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).
"Сотта есепші кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен, ұялы телефонындағы ақпараттармен, куәгерлерден, мамандардан жауап алумен және шоттар бойынша банк берген құжаттармен расталды", - делінген іс материалдарында.
Степногор қалалық соты экс-есепшіні материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушыдан келтірілген материалдық залал өндірілді.
"Сотталған адамның асырауында төрт жас баласы бар екенін ескере отырып, сот Қылмыстық Кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде баласы 14 жасқа толғанға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдырды", - дейді ведомство хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.