Қазақстандағы әрбір екінші кәсіпорын Ресейден қоныс аударған

© Sputnik / Евгений ФилипповМотоцикл "Урал"
Мотоцикл Урал - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2023
Жазылу
Бір жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 10,3 мыңға өскен
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандағы әрбір екінші шетелдік кәсіпорын Ресейден релокацияланған. Егер өткен жылы олардың саны 11,9 мың болса, бүгінде 18,6 мыңға жетті, деп хабарлайды Finprom.
Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың 44,9%-і ресейлік компаниялар. Екінші орында түрік кәсіпкерлері тұр. Тамыз айының соңында осы елден 3,7 мың заңды тұлға келген. Көшбасшылар үштігіне Өзбекстан да кіреді, оның резиденттерінде 2,7 мың компания бар.
Шетелдік инвесторлар өз қаражаттарын елдің негізгі салаларына салған. Бұл әсіресе тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласы. Шетелдік капиталды көптеп салатындар Түркия, Өзбекстан және Қытай. Сондай-ақ шикізат өңдеу саласында Ресей көш бастап тұр.
Соңғы жылдары Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 24,3%-ке өсіп, 54,4 мың кәсіпорынға жетті. Алайда, қазіргі уақытта олардың тек 41,4 мыңы ғана жарамды.
Бір жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 10,3 мыңға өскен. Ал "жаңадан келгендердің" басым бөлігі, яғни 78% сауда, сервис, IT-кластер салаларының кәсіпкерлері, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы сарапшыла. Экономиканың қалған секторларында да өсім бар, бірақ елеусіз ғана дейді сарапшылар.
На брифинге в РСК Карагандинской области министр по ЧС Сырым Шарипханов озвучил итоги работы Правительственной комиссии по расследованию причин аварии и гибели работников на шахте Казахстанская Угольного департамента АО АрселорМиттал Темиртау - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
"АрселорМиттал Теміртау" ресейлік компанияға беріле ме – Қарағанды әкімдігінің жауабы
Жаңалықтар
0