https://sputnik.kz/20230920/qazaqstan-men-resey-shekarasyndagy-qaqtygys-turaly-zhalgan-videonyn-avtory-ustaldy-38617585.html
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс туралы жалған видеоның авторы ұсталды
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс туралы жалған видеоның авторы ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Полиция Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторын ұстады, деп хабарлады Қостанай облысы полиция... 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T13:49+0500
2023-09-20T13:49+0500
2023-09-20T13:49+0500
қостанай облысы
ресей
қазақстан
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Полиция Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторын ұстады, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарасындағы әскери техникаларды түсіріп, екі ел арасындағы әскери қақтығыс туралы айтылған ақпарат тараған болатын. Ал Қазақстанның ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Полиция жалған бейне авторының кім екенін анықтап, оны ұстады. Ол Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғыны болып шықты. Бейнежазба авторы өзінің кінәсін мойындады. Іс жүзінде ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Азаматтарға қандай да бір мәліметтерді таратпас бұрын дұрыс немесе бұрыстығын анықтап алуды ескертті.
қостанай облысы
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, ресей, қазақстан, жалған ақпарат
қостанай облысы, ресей, қазақстан, жалған ақпарат
Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс туралы жалған видеоның авторы ұсталды
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек - Sputnik. Полиция Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторын ұстады, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарасындағы әскери техникаларды түсіріп, екі ел арасындағы әскери қақтығыс туралы айтылған ақпарат тараған болатын. Ал Қазақстанның ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде тараған Қостанай облысындағы шекарадағы арандатушылық туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл жалған ақпарат. Бейнежазбада биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласының шегінде өткен жоспарлы далалық сабақтарға жіберілетін ҚР ІІМ Ұлттық ұланы автокөлігінің колоннасы көрсетілген", - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция жалған бейне авторының кім екенін анықтап, оны ұстады. Ол Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғыны болып шықты. Бейнежазба авторы өзінің кінәсін мойындады. Іс жүзінде ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ ведомство жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты. Азаматтарға қандай да бір мәліметтерді таратпас бұрын дұрыс немесе бұрыстығын анықтап алуды ескертті.