https://sputnik.kz/20230920/qazaqstan-men-qytay-eki-eldin-azamattary-turaly-aqparat-almasady--38624582.html
Қазақстан мен Қытай екі елдің азаматтары туралы ақпарат алмасады
Қазақстан мен Қытай екі елдің азаматтары туралы ақпарат алмасады
Sputnik Қазақстан
ІІМ ақпаратынша, мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T16:40+0500
2023-09-20T16:40+0500
2023-09-20T16:40+0500
қазақстан
қытай
ақпарат алмасу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_fbf1511177271957cd388481ce7b4b92.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов келісімге президенттің Қытайға сапары барысында биыл 17 мамырда қол қойылғанын атап өтті. Құжат мына төрт бағыт бойынша: екі елдің азаматтары; берілген визалар; келу және болу тәртібін бұзу; азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпарат алмасуды көздейді. ІІМ басшысының айтуынша, бүгінде мұндай екіжақты келісім бес елмен жасалған. Келісімнің күшіне енуі көші-қонды бақылауды арттыруға ықпал етеді, деп атап өтті министр. Мәжіліс депутаттары заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.
қазақстан
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25369307_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fc525ee3c575cc01c96a59da1392b076.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қытай, ақпарат алмасу
қазақстан, қытай, ақпарат алмасу
Қазақстан мен Қытай екі елдің азаматтары туралы ақпарат алмасады
ІІМ ақпаратынша, мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісі "Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов келісімге президенттің Қытайға сапары барысында биыл 17 мамырда қол қойылғанын атап өтті.
Құжат мына төрт бағыт бойынша: екі елдің азаматтары; берілген визалар; келу және болу тәртібін бұзу; азаматтыққа қабылданған адамдар туралы ақпарат алмасуды көздейді.
"Бұл мәліметтер қос азаматтыққа қарсы күрес, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет. Шартты іске асыратын құзыретті орган ретінде Қазақстан тарапынан ішкі істер министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгіленген. Келісімде егемендікке, қауіпсіздікке қауіп төнген және заңнамаға қайшы келген жағдайда сұрау салуды орындаудан бас тарту көзделген", - деп мәлімдеді Сәденов мәжілістің жалпы отырысында.
ІІМ басшысының айтуынша, бүгінде мұндай екіжақты келісім бес елмен жасалған. Келісімнің күшіне енуі көші-қонды бақылауды арттыруға ықпал етеді, деп атап өтті министр.
Мәжіліс депутаттары заңды қабылдап, сенаттың қарауына жолдады.