https://sputnik.kz/20230920/kelesi-zhyly-25-mln-ga-alqapqa-uyirli-shegirtke-taraluy-mumkin-38609077.html
Келесі жылы 2,5 млн га алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін
Келесі жылы 2,5 млн га алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Үкіметтің ақпаратынша, бұл 2023 жылға қарағанда 1,5 есе көп 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T10:36+0500
2023-09-20T10:36+0500
2023-09-20T10:36+0500
қоғам
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:781:1520:1636_1920x0_80_0_0_61bd12ff8abb10419a06aa5afd0b0cc9.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстары талқыланды.Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастаған.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек."Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек", — деп тапсырды вице-премьер Серік Жұманғарин.
https://sputnik.kz/20230702/qostanay-oblysyndagy-eki-audanda-shegirtke-qaptap-ketti-36494422.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/537/32/5373208_0:763:1520:1903_1920x0_80_0_0_eba6c0b1705e98332b6aa1492ab4ca0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы
Келесі жылы 2,5 млн га алқапқа үйірлі шегіртке таралуы мүмкін
Үкіметтің ақпаратынша, бұл 2023 жылға қарағанда 1,5 есе көп
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстары талқыланды.
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. Соңғы рет кері динамиканың өсуі 2014 жылы байқалды. Одан кейін зиянкестердің таралу аумағы үздіксіз азайғанмен, 2021 жылдан бері қарай қайтадан ұлғая бастаған.
"2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде", - деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабектің мәліметінше, 2024 жылға бөлінген 4,2 млрд теңге жобаланған жер көлемінің жартысын ғана өңдеуге жетеді. Шегіртке зиянкестерінің таралу алаңының болжамды көлеміне өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бүріккіш техниканың санын арттыру қажет болады. Пестицидтердің қолда бар қорынан бөлек қосымша қаржы бөлінуі керек.
"Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек", — деп тапсырды вице-премьер Серік Жұманғарин.