https://sputnik.kz/20230920/deputat-qazaqstandyqtar-zhazgan-bir-qorap-khatty-mazhiliske-alyp-keldi-38628811.html
Депутат қазақстандықтар жазған бір қорап хатты мәжіліске алып келді
Депутат қазақстандықтар жазған бір қорап хатты мәжіліске алып келді
Sputnik Қазақстан
8,5 мың хатты Алматының айналасындағы саяжайда тұратын азаматтар жазған 20.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-20T17:30+0500
2023-09-20T17:30+0500
2023-09-20T17:30+0500
мәжіліс депутаты
мәжіліс
хат
https://sputnik.kz/img/07e7/09/14/38628651_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_c1ee852327d3b12353730fd52c937856.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай үкіметке Алматы облысының саяжайларында тұратын қазақстандықтардың мұң-мұқтажын жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, депутаттық сауалына "тұрмысы тұралап қалған, бюджеттен бір тиын көмек көрмейтін, Алматының айналасында тұратын жарты миллион адамның өтініші" негіз болған.Тұрғындар электр қуатын екі есе тарифпен төлеуге мәжбүрМәжілісменнің ақпаратынша, Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле ауданының өзінде 674 саяжай бар. Тұрғындарының саны бес жүз мыңға жақындаған."Бұл деректің өзін де нақты айту қиын. Себебі азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеле алмаған соң, жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр. Халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отырған жүздеген саяжайда мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, медициналық жәрдем, асфальт, пошта, байланыс пунктері, әлеуметтік қызмет инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандар атымен жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр", - дейді Толықбай.Оқу жылы басталғалы балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке балшықпен барып, кейде иттерге таланып жатыр. Айта берсек, мұндай мысалдар көп, деп жалғастырды сөзін депутат."Қысқасы, жүздеген мың отандасымыздың сұрайтыны - "ауыл" статусы. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады. Бұл түйткілді мәселені үкіметтің деңгейінде күн тәртібіне шығармасақ, бұның арты үлкен әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін", - деп ескертті ол.Десе де, оның айтуынша, саяжайлардың аумағын қасындағы ауылдық округтерге қосып немесе "ауыл" статусын бере салғанмен проблема шешіле қалмайды. Бір ғана облыс әкімдігінің шамасы жетпейді. Көп қаржыны қажет етеді."Сондықтан үкімет жедел әрекет етіп, саяжай мәселесін шешуге арналған нақты, ауқымды бағдарлама әзірлеу керек. Ашығында, бұл – Алматы облысында ғана емес, байтақ Қазақстанның әр өңіріндегі түйнек. Өз тарапымыздан аталған мәселені бақылауға алып, қоғамдық талқылау жасаймыз", - деді мәжіліс депутаты.
https://sputnik.kz/20230920/balalar-ulttyq-qordan-aqsha-alady--mazhilis-zandy-qabyldady-38623640.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/14/38628651_138:0:1063:694_1920x0_80_0_0_049fdb54e84f13c924559bfcfd001c4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс депутаты, мәжіліс, хат
мәжіліс депутаты, мәжіліс, хат
Депутат қазақстандықтар жазған бір қорап хатты мәжіліске алып келді
8,5 мың хатты Алматының айналасындағы саяжайда тұратын азаматтар жазған
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай үкіметке Алматы облысының саяжайларында тұратын қазақстандықтардың мұң-мұқтажын жеткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, депутаттық сауалына "тұрмысы тұралап қалған, бюджеттен бір тиын көмек көрмейтін, Алматының айналасында тұратын жарты миллион адамның өтініші" негіз болған.
"Жағдай күрделі, халықтың шыдамы шегіне жеткен. Жақында Алматы облысының ірі аудандарын аралап, мыңдаған тұрғынмен кездестім, саяжай алаптарында тұратын елдің қалай күнелтіп отырғанын көріп шошыдым. 8,5 мың хатты осы жерге алып келдім, мына қораптың ішінде тұр. Барлығы осы саяжайға қатысты", - деген Толықбай хатқа толған қорапты көтеріп көрсетті.
Тұрғындар электр қуатын екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр
Мәжілісменнің ақпаратынша, Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Іле ауданының өзінде 674 саяжай бар. Тұрғындарының саны бес жүз мыңға жақындаған.
"Бұл деректің өзін де нақты айту қиын. Себебі азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеле алмаған соң, жәрдемақы мен мемлекеттік көмек алу үшін Алматы қаласына тіркелуге мәжбүр. Халық қысы-жазы тұрғынжай етіп отырған жүздеген саяжайда мектеп, балабақша, қоғамдық көлік, медициналық жәрдем, асфальт, пошта, байланыс пунктері, әлеуметтік қызмет инфрақұрылымы, әлеуметтік нысандар атымен жоқ. Электр қуатына дейін жекенің қолында. Екі есе тарифпен төлеуге мәжбүр", - дейді Толықбай.
Оқу жылы басталғалы балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке балшықпен барып, кейде иттерге таланып жатыр. Айта берсек, мұндай мысалдар көп, деп жалғастырды сөзін депутат.
"Қысқасы, жүздеген мың отандасымыздың сұрайтыны - "ауыл" статусы. Өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын қалалық және ауылдық аумақтарды дамытуға ғана бөле алады. Бұл түйткілді мәселені үкіметтің деңгейінде күн тәртібіне шығармасақ, бұның арты үлкен әлеуметтік шиеленіске алып келуі мүмкін", - деп ескертті ол.
Десе де, оның айтуынша, саяжайлардың аумағын қасындағы ауылдық округтерге қосып немесе "ауыл" статусын бере салғанмен проблема шешіле қалмайды. Бір ғана облыс әкімдігінің шамасы жетпейді. Көп қаржыны қажет етеді.
"Сондықтан үкімет жедел әрекет етіп, саяжай мәселесін шешуге арналған нақты, ауқымды бағдарлама әзірлеу керек. Ашығында, бұл – Алматы облысында ғана емес, байтақ Қазақстанның әр өңіріндегі түйнек. Өз тарапымыздан аталған мәселені бақылауға алып, қоғамдық талқылау жасаймыз", - деді мәжіліс депутаты.