Қазақстан мен Ресей шекарасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат жалған

© Sputnik / Russian Defence Ministry / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
ІІМ жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасында қақтығыс болғаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға түсініктеме берді.
"Видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген, ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр", - деп жазды STOPfake.
ІІМ мұның бәрін жоққа шығарды.
"Әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық жаттығуларға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген, – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Жаңалықтар
0