https://sputnik.kz/20230919/qatty-zhanbyr-zhoq-smayylov-qyrkuyektin-sonyna-deyin-egindi-zhinap-aludy-tapsyrdy--38576920.html
Қатты жаңбыр жоқ: Смайылов қыркүйектің соңына дейін егінді жинап алуды тапсырды
Қатты жаңбыр жоқ: Смайылов қыркүйектің соңына дейін егінді жинап алуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөледі 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T09:58+0500
2023-09-19T09:58+0500
2023-09-19T09:58+0500
егін
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37847008_0:41:815:499_1920x0_80_0_0_f191c48555b928ea7e52b1668cb44e8a.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов астықты өңірлерде қыркүйек айының соңына дейін егін орағын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Смайылов биыл егіншілер үшін ауа райы қолайсыз болғанын, жауын-шашын астық түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жібергенін айтты.Ол президент солтүстік өңірлердегі ауа райының қолайсыздығына байланысты үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.Премьердің айтуынша, энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөледі. "Бәйтерек" холдингі кредиттерді ұзарту мәселелерін пысықтайды.Смайылов ауа райы форс-мажорлық жағдай ретінде танылатынын, субсидия төлемін толық көлемде жүргізуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20230909/tort-oblysta-egin-zhinau-nauqany-keshuildep-zhatyr-ministr-zhedel-shtab-otyrysyn-otkizdi-38307919.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37847008_48:0:768:540_1920x0_80_0_0_cd6ef3c935d7e810c28b14c194567248.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егін, үкімет
Қатты жаңбыр жоқ: Смайылов қыркүйектің соңына дейін егінді жинап алуды тапсырды
Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөледі
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов астықты өңірлерде қыркүйек айының соңына дейін егін орағын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смайылов биыл егіншілер үшін ауа райы қолайсыз болғанын, жауын-шашын астық түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жібергенін айтты.
"Дегенмен, егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Бүгінге егіс алқаптарының жартысынан аз көлемі жиналды. Қазір егін орағының нағыз қызған шағы. Жұмыс қарқынын арттыра түсу қажет. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ. Сондықтан осы мерзім ішінде барынша үлгеріп қалу керек", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ол президент солтүстік өңірлердегі ауа райының қолайсыздығына байланысты үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.
Премьердің айтуынша, энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөледі. "Бәйтерек" холдингі кредиттерді ұзарту мәселелерін пысықтайды.
Смайылов ауа райы форс-мажорлық жағдай ретінде танылатынын, субсидия төлемін толық көлемде жүргізуді тапсырды.