Павлодарда жылыту маусымы басталды

© Sputnik / Мария ДевахинаЛюди держат руки над батареей, проверяя, включено ли отопление, архивное фото
Люди держат руки над батареей, проверяя, включено ли отопление, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Әкімдіктегілер бірінші кезекте әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етіледі деп хабарлады
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда жылу беру маусымы басталды, деп хабарлады "Павлодарэнерго" АҚ.
Павлодарда 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы қала әкімдігінің қаулысына сәйкес кеше, 18 қыркүйекте басталды.
"Әлеуметтік нысандар мен мемлекеттік мекемелер жылу жүйесіне бірінші кезекте қосылады. Бүгінде барлық әлеуметтік нысан жылу алуға дайын", - деп жазылған жылумен қамту ұйымының хабарламасында.
Компаниядағылар көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру қосылатын күнді қосымша хабарлауға уәде берді.
Айта кетейік, қазір Павлодарда ауа райы әлі де жылы, термометр 20 градусты көрсетіп тұр. "Қазгидромет" келесі аптада күндізгі температура 13 градусқа дейін төмендейді деп болжады.
ТЭЦ-2 Петропавловска готова к зиме на 70 процентов - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Елдегі әр жылу электр орталығы қондырғысының тозығы жеткен - тексеру қорытындысы
Жаңалықтар
0