Министр нан бағасына қатысты түсініксіз жағдай болғанын айтты

© Sputnik / Алексей СухоруковНан
Нан - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
Нанның қазіргі бағасы астықтың бір тоннасы 160 мың теңгеге дейін көтерілгенше өзгермеуі керек, деп есептейді Сапаров
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров астық екі есе арзандаған кезде түсініксіз себеппен нан бағасы өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден ауа райының қолайсыздығынан астық түсімінің төмендеуіне байланысты нан бағасы қалай өзгеретінін сұрады.
"Астық 160 мың теңгеге қымбаттағанда нан бағасы көтерілді. Ал астық 80 мыңға дейін түскенде қайта арзандамады. Қазір астықтың бағасы 105-110 теңге болып тұр. Сондықтан нанның қазіргі бағасы астықтың бір тоннасы 160 мың теңгеге дейін көтерілгенше өзгермеуі керек. Осы орайда нан комбинаттарына бір сұрақ бар. Астық арзандаған кезде нан бағасы неге түскен жоқ?", - деді министр.
Сапаров ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл шамамен 16 миллион тонна астық жиналатынын айтты. Оған қоса, резервте тағы 3 миллион тонна бар.
"Сондықтан ішкі сұраныс толығымен өтеледі. Ал экспортқа шығарылатын бидайдың көлемі 30 процентке төмендейді", - деп түйіндеді Сапаров.
Хлеб - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2023
Құрғақшылық және су тапшылығы: нан қымбаттауы мүмкін бе
Жаңалықтар
0