Білім және денсаулық нысандары жылу беру маусымына толық дайын болмай шықты

© Photo : Pixabay / analogicusРегулятор температуры на радиаторе отопления
Регулятор температуры на радиаторе отопления  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2023
Жазылу
24 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев білім және денсаулық сақтау нысандары алдағы жылу беру маусымына толық дайын емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, алдағы жылу беру маусымының үздіксіз өтуі мақсатында министрлік коммуналдық шаруашылықтың, әлеуметтік саланың және тұрғын үй қорының дайындығы бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.
"Оқу жылының басталуына, бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім беру нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет болатын. Әкімдіктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 99,6% құрайды. Сегіз өңірде 42 білім беру нысаны бойынша әлі де жұмыстар жүргізілуде", - деді Шарлапаев үкімет отырысында.
24 білім беру нысанындаа күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалған объектілерде жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған.
Сондай-ақ, министрдің ақпаратынша, денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9% құрайды. Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дайындалмаған нысандардың ең көбі Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында.
Бұдан бөлек Шарлапаев тұрғын үй қорының дайындығына да тоқталды.
47 мың үйде дайындық жұмыстары аяқталған, бұл жоспардың 94%. Үш мыңға жуық тұрғын үй қысқы кезеңге әлі дайын емес.
Дайындықтың төмен қарқыны Маңғыстау облысында (891 тұрғын үй), Шымкент (478 тұрғын үй) және Алматы (331 тұрғын үй) қалаларында байқалады.
Батарея, радиатор отопления, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2023
Петропавлда әрбір төртінші көп қабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын емес
Жаңалықтар
0