https://sputnik.kz/20230919/bas-prokuratura-samat-abishke-qatysty-tergeu-bastady-38589752.html
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу бастады
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу бастады
Sputnik Қазақстан
Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T17:12+0500
2023-09-19T17:12+0500
2023-09-19T17:30+0500
қоғам
самат әбіш
https://sputnik.kz/img/274/18/2741802_0:0:1501:844_1920x0_80_0_0_708ae0ecffbb3f053ed82863b9b370e5.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейді.Қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалды шешім қабылданады.Айта кетері, Самат Әбіш – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. 2015 жылдан бастап қаңтар оқиғасына дейін, яғни 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Артынша оларға сот үкімі шықты. Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.Ал Мәсімовтің орынбасары болған Самат Әбіш қызметінен босатылды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ.
https://sputnik.kz/20220314/samat-abish-qamauga-alynbady-23503117.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/274/18/2741802_68:0:1403:1001_1920x0_80_0_0_3ae9c7041176083cbef31980dddfa88c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
самат әбіш
Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты тергеу бастады
17:12 19.09.2023 (жаңартылды: 17:30 19.09.2023) Самат Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
"Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғасы" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге де деректері жария етілмейді.
Қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.
Тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалды шешім қабылданады.
Айта кетері, Самат Әбіш – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. 2015 жылдан бастап қаңтар оқиғасына дейін, яғни 2022 жылдың қаңтарына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары ұсталды. Артынша оларға сот үкімі шықты. Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Мәсімовтің орынбасары болған Самат Әбіш қызметінен босатылды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған жоқ.