https://sputnik.kz/20230919/amerikalyq-basylym-konstantinovkadagy-soqqy-turaly-ne-zhazdy-38790211.html
Америкалық басылым Константиновкадағы соққы туралы не жазды
Америкалық басылым Константиновкадағы соққы туралы не жазды
Sputnik Қазақстан
Америкалық New York Times газеті Константиновкадағы оқиғаға қатысты өз тергеуін жүргізіп, 16 адам көз жұмуына себеп болған базарға жасалған шабуылды Украина... 19.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-19T18:37+0500
2023-09-19T18:37+0500
2023-09-26T11:37+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1a/38790516_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_b2dac9da84449c6cdc023d97fef750c6.jpg
Америкалық New York Times газеті Константиновкадағы оқиғаға қатысты өз тергеуін жүргізіп, 16 адам көз жұмуына себеп болған базарға жасалған шабуылды Украина әскері жасады деген қорытындыға келді. Бұл туралы РИА Новости жазды."New York Times жинаған және талдаған дәлелдер, соның ішінде зымыран сынықтары, спутниктен түсірілген суреттер, куәгерлердің жауаптары және әлеуметтік желідегі жазбалар апатты соққыға "Бук" кешенінен ұшырылған және өз траекториясынан ауытқыған украиналық зымыран себеп болғанын көрсетеді", - деп жазылған мақалада.Қыркүйек айында Украина армиясының бақылауындағы Константиновка қаласының базарына зымыранмен шабуыл жасалды. 16 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды.Басылым өзінің тергеу нәтижелерін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа келген күні жариялады.Киев билігі соққыдан кейін газет тілшілерінің зымыран сынықтарын көруіне және құлаған жерге кіруіне жол бермеуге тырысқанымен, тілшілер бәрібір сол аумаққа барып, куәгерлерден сұхбат алып, снаряд қалдықтарын жинай алғаны жазылған.Газет жазғандай, бейнебақылау камерасының бейнежазбалары соққы жасалар алдында кем дегенде төрт жаяу жүргіншінің жақындап келе жатқан снаряд дыбысына бір уақытта бастарын бұрғанын көрсетеді - олар Киевтің бақылауындағы аумаққа қарап тұрған.Жарылыстан аздаған сәт бұрын зымыранның тұрақта тұрған екі көліктің үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады. Бұл кадрлар оның солтүстік-батыстан келе жатқанын растайды.Жарылыс салдарынан пайда болған шұңқырды және келтірілген зақымдарды зерттеген жарылғыш заттар бойынша сарапшы да дәл осы бағытты растаған.Жергілікті тұрғындардың NYT басылымына хабарлауынша, украин әскері Дружковка қаласынан майдан шебіне қарай екі зениттік зымыран ұшырған. Онда болған газет тілшілері зымыранды ұшыру дыбыстарын естіген. Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар да жазды. Ұшыру уақыты зымыранның Константиновкадағы базарға түскен уақытына сәйкес келеді.Бұған қоса, куәгерлердің бірі NYT газетіне зымырандардың қаланың шетіндегі әскерилер үнемі қолданатын аумақтан ұшырылғанын айтты. Басылым журналистері сол жерде болып, мұнда жақында ғана әскердің болғанын көрді.Басылым соққы орнында табылған шұңқырлар мен фрагменттердің өлшемдері пішіні мен көлемі бойынша "Бук" зениттік зымыран кешенінен ұшырылатын 9М38 зымыранына сәйкес келеді деген қорытындыға келді.Тергеу нәтижелерін қорытындылай келе, NYT неліктен зымыранның Константиновкаға құлағаны белгісіз екенін баса айтады. Олар мүмкін ақау пайда болып, зымыран межелі нүктеге жетпей құлаған болар деген болжам жасады. 16 километрден аз осындай қысқа қашықтықта зымыран отынның аз ғана бөлігін тұтынған. Сондықтан жанармайдың қалған бөлігі соққы кезінде жарылған немесе жанып кеткен. Базардағы жойқын өртті осы себеппен түсіндіруге болады.Константиновкада жарылған зымыранды украин әскері ұшырғаны туралы Ресейге қарсы ұстанымымен танымал Bild газетінің шолушысы Юлиан Рёпке де жазған болатын. Ол соққы кезінде түсірілген кадрларға талдау жүргізу арқылы осындай қорытындыға келген.Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский 10 қыркүйекте айтқандай, Батыс пен Киев режимі Константиновкаға жасалған зымыран соққысын "ұмытуға" тырысып жатқанын, себебі Краматорскідегі соққыны кім бағыттағаны анықталған кезде, олар дәл солай осы туралы да "ұмытып" қалған.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/1a/38790516_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_fbf1e6c2ca2ce2627871935aab15fe0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Америкалық New York Times газеті Константиновкадағы оқиғаға қатысты өз тергеуін жүргізіп, 16 адам көз жұмуына себеп болған базарға жасалған шабуылды Украина әскері жасады деген қорытындыға келді. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"New York Times жинаған және талдаған дәлелдер, соның ішінде зымыран сынықтары, спутниктен түсірілген суреттер, куәгерлердің жауаптары және әлеуметтік желідегі жазбалар апатты соққыға "Бук" кешенінен ұшырылған және өз траекториясынан ауытқыған украиналық зымыран себеп болғанын көрсетеді", - деп жазылған мақалада.
Қыркүйек айында Украина армиясының бақылауындағы Константиновка қаласының базарына зымыранмен шабуыл жасалды. 16 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды.
Басылым өзінің тергеу нәтижелерін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа келген күні жариялады.
Киев билігі соққыдан кейін газет тілшілерінің зымыран сынықтарын көруіне және құлаған жерге кіруіне жол бермеуге тырысқанымен, тілшілер бәрібір сол аумаққа барып, куәгерлерден сұхбат алып, снаряд қалдықтарын жинай алғаны жазылған.
Газет жазғандай, бейнебақылау камерасының бейнежазбалары соққы жасалар алдында кем дегенде төрт жаяу жүргіншінің жақындап келе жатқан снаряд дыбысына бір уақытта бастарын бұрғанын көрсетеді - олар Киевтің бақылауындағы аумаққа қарап тұрған.
Жарылыстан аздаған сәт бұрын зымыранның тұрақта тұрған екі көліктің үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады. Бұл кадрлар оның солтүстік-батыстан келе жатқанын растайды.
Жарылыс салдарынан пайда болған шұңқырды және келтірілген зақымдарды зерттеген жарылғыш заттар бойынша сарапшы да дәл осы бағытты растаған.
Жергілікті тұрғындардың NYT басылымына хабарлауынша, украин әскері Дружковка қаласынан майдан шебіне қарай екі зениттік зымыран ұшырған. Онда болған газет тілшілері зымыранды ұшыру дыбыстарын естіген. Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар да жазды. Ұшыру уақыты зымыранның Константиновкадағы базарға түскен уақытына сәйкес келеді.
Бұған қоса, куәгерлердің бірі NYT газетіне зымырандардың қаланың шетіндегі әскерилер үнемі қолданатын аумақтан ұшырылғанын айтты. Басылым журналистері сол жерде болып, мұнда жақында ғана әскердің болғанын көрді.
Басылым соққы орнында табылған шұңқырлар мен фрагменттердің өлшемдері пішіні мен көлемі бойынша "Бук" зениттік зымыран кешенінен ұшырылатын 9М38 зымыранына сәйкес келеді деген қорытындыға келді.
Тергеу нәтижелерін қорытындылай келе, NYT неліктен зымыранның Константиновкаға құлағаны белгісіз екенін баса айтады. Олар мүмкін ақау пайда болып, зымыран межелі нүктеге жетпей құлаған болар деген болжам жасады. 16 километрден аз осындай қысқа қашықтықта зымыран отынның аз ғана бөлігін тұтынған. Сондықтан жанармайдың қалған бөлігі соққы кезінде жарылған немесе жанып кеткен. Базардағы жойқын өртті осы себеппен түсіндіруге болады.
Константиновкада жарылған зымыранды украин әскері ұшырғаны туралы Ресейге қарсы ұстанымымен танымал Bild газетінің шолушысы Юлиан Рёпке де жазған болатын. Ол соққы кезінде түсірілген кадрларға талдау жүргізу арқылы осындай қорытындыға келген.
Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский 10 қыркүйекте айтқандай, Батыс пен Киев режимі Константиновкаға жасалған зымыран соққысын "ұмытуға" тырысып жатқанын, себебі Краматорскідегі соққыны кім бағыттағаны анықталған кезде, олар дәл солай осы туралы да "ұмытып" қалған.