https://sputnik.kz/20230918/qosymsha-qun-salygyn-16-payyzga-koteru-inflyatsiyaga-akeledi--kasipkerler-38548536.html
Қосымша құн салығын 16 пайызға көтеру инфляцияға әкеледі – кәсіпкерлер
Қосымша құн салығын 16 пайызға көтеру инфляцияға әкеледі – кәсіпкерлер
Sputnik Қазақстан
Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Ресей, Беларусь, Армениямен салыстырғанда төмен. Бұл елдерде салық мөлшерлемесі 20... 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T14:32+0500
2023-09-18T14:32+0500
2023-09-18T14:33+0500
қосымша құн салығы
https://sputnik.kz/img/1259/51/12595153_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_528d85878cff62893d56788dcd1fd9d7.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Бизнес үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру тауар бағасының күр көтерілуіне, инфляцияға әкеліп соқтырады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП сарапшылары мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу аясында Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды.Оның айтуынша, бұл шара тауарлар бағасының күрт өсуіне, инфляцияға және шағын бизнестің орташа, ал орташа бизнестің іріге айналуына жол бермейді.Министрліктің мәліметінше, мөлшерлеменің ұлғаюы бюджетке қосымша түсімдер әкеледі, сондай-ақ көрші елдерден әкелінетін тауарлармен салыстырғанда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп санайды. Бұл мөлшерлеме 2025 жылдан бастап қолданылады деп болжанып отыр.Бұл ретте бизнес-қоғамдастық бұл тұжырыммен келіспейді.Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Ресей, Беларусь, Армениямен салыстырғанда төмен. Бұл елдерде салық мөлшерлемесі 20 пайызға тең.Айта кетері, Салық кодексінің жобасын 2024 жылдың бірінші тоқсанында парламент қарауына жіберу жоспарланған.
https://sputnik.kz/20230911/qosymsha-qun-salygy2025-zhyly-16-payyzga-deyin-osui-mumkin-38364537.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/51/12595153_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_40b23f6ef351714394af9c1baa8cb7af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қосымша құн салығы
Қосымша құн салығын 16 пайызға көтеру инфляцияға әкеледі – кәсіпкерлер
14:32 18.09.2023 (жаңартылды: 14:33 18.09.2023) Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Ресей, Беларусь, Армениямен салыстырғанда төмен. Бұл елдерде салық мөлшерлемесі 20 пайызға тең
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Бизнес үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру тауар бағасының күр көтерілуіне, инфляцияға әкеліп соқтырады. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП сарапшылары мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу аясында Ұлттық экономика министрлігі ҚҚС мөлшерлемесін 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды.
"ҚҚС мөлшерлемесін өсіруге болмайды. Ашық жұмыс істеген кәсіпкерлер әрі қарай да ашық жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал көлеңкеде жұмыс істегендер сол жерде қалып қояды. Ортада тұрғандар сұр аймақты таңдайды. Осылайша президенттің шағын бизнестің орта бизнеске айналуына қатысты тапсырмасы орындалмай қалады", – деді "Атамекен" ҰКП жаңа салық кодексінің жобасына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының басшысы Тимур Жаркенов.
Оның айтуынша, бұл шара тауарлар бағасының күрт өсуіне, инфляцияға және шағын бизнестің орташа, ал орташа бизнестің іріге айналуына жол бермейді.
Министрліктің мәліметінше, мөлшерлеменің ұлғаюы бюджетке қосымша түсімдер әкеледі, сондай-ақ көрші елдерден әкелінетін тауарлармен салыстырғанда отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп санайды. Бұл мөлшерлеме 2025 жылдан бастап қолданылады деп болжанып отыр.
Бұл ретте бизнес-қоғамдастық бұл тұжырыммен келіспейді.
Бүгінде Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Ресей, Беларусь, Армениямен салыстырғанда төмен. Бұл елдерде салық мөлшерлемесі 20 пайызға тең.
Айта кетері, Салық кодексінің жобасын 2024 жылдың бірінші тоқсанында парламент қарауына жіберу жоспарланған.