Қоғам

Қазақстандықтарды судья лауазымына кандидаттар туралы пікір білдіруге шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу кезінде халықтың пікірі ескеріледі
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды конкурсқа қатысатын кандидаттар туралы пікір бөлісуге шақырады.
Қазақстандықтар сот кеңесінің сайтында өз пікірлерін білдіре алады.
"Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан бөлек, кандидаттар адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандары кіретін конкурстық комиссияның мүшелерімен әңгімелесуден өтеді", - деп атап өтті Жоғары сот кеңесінің аппараты.
Қазіргі таңда Жоғары сот кеңесі 335 бос судьялық орынға конкурс өткізіп жатыр. Пікірді 1 қазанға дейін жазып қалдыруға болады.
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
Енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды
Жаңалықтар
0