Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллион іс құпиясыздандырылды

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі президент мұрағатына өткізілді
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі президент мұрағатына өткізілді. Кейіннен олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. Тағы 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.
Жаңалықтар
0