"Қазақстан" шахтасындағы трагедия: бүгін тергеудің нәтижесі жарияланады

Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото
Заброшенная шахта, карьер. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Бүгін "Қазақстан" шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Күндіз сағат 12:00-де арнайы брифинг өтеді. Оған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, апаттық-құтқару қызметінің филиал директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский мен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гарифулов қатысады. Бриифинг "SARYARQA" телеарнасының ғимаратында өтеді.
Жедел желі: +7 (7212) 411130. Айта кетері, шахтада 170 метр тереңдікте өрт шықты.
Бес адам қаза тапты. Апаттың салдарынан көмір өндіру жұмысы тоқтатылды. Ал өрт әлі өшірілген жоқ.
Жаңалықтар
0