https://sputnik.kz/20230918/pavlodarda-qnet-qarzhy-piramidasynyn-zhetekshisi-sottaldy-38557713.html
Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды
Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидасына жәбірленушілер 5 миллион 983 мың теңге салған 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T20:33+0500
2023-09-18T20:33+0500
2023-09-18T20:33+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_0:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_6f71b833f8ec0fb9ee507c535ab8a622.jpg
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz порталы.Алайда сотталушы жәбірленушілердің шығынын өтемеген. Қылмыстық істі Павлодар қаласының №2 соты қарады."Сотталушы Qnet компаниясында тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз бен Павлодарда кеңселер ашқан. Ол тапқан пайдасын айтып, компанияға жаңа мүшелер тартқан. Оларға қалай баю керегін айтып сеніміне кірген", - дейді сот.2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін қаржы пирамидасына жәбірленушілер 5 миллион 983 мың теңге салған.Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін заң бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылады.Сот қаржы пирамидасы жетекшісінің жас екенін, әрі кәмелетке толмаған кішкентай баласының барын ескеріп, мүлкін тәркілеусіз 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Ол 3 жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15743898_649:0:2596:1460_1920x0_80_0_0_a936e5b7c3620d65f1e53e15a429bda1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды
Қаржы пирамидасына жәбірленушілер 5 миллион 983 мың теңге салған
АЛМАТЫ, 18 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда Qnet қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды
Pavlodarnews.kz порталы.
Алайда сотталушы жәбірленушілердің шығынын өтемеген. Қылмыстық істі Павлодар қаласының №2 соты қарады.
"Сотталушы Qnet компаниясында тәуелсіз өкіл ретінде тіркеліп, 2019 жылы Екібастұз бен Павлодарда кеңселер ашқан. Ол тапқан пайдасын айтып, компанияға жаңа мүшелер тартқан. Оларға қалай баю керегін айтып сеніміне кірген", - дейді сот.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін қаржы пирамидасына жәбірленушілер 5 миллион 983 мың теңге салған.
"Сонымен қатар электронды поштаның мәліметіне сәйкес Ұлттық банктің теңгедегі бағамы бойынша eCard (USD) бойынша төлемнің жалпы сомасы 7 218 823,49 теңгені құрады", – деп толықтырды сот.
Қаржы (инвестициялық) пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін заң бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылады.
Сот қаржы пирамидасы жетекшісінің жас екенін, әрі кәмелетке толмаған кішкентай баласының барын ескеріп, мүлкін тәркілеусіз 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ол 3 жыл бойы азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналыса алмайды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.