https://sputnik.kz/20230918/kelesi-zhyly-qazaqstanga-turkiyanyn-zhana-aue-kompaniyasy-usha-bastaydy-38556808.html
Келесі жылы Қазақстанға Түркияның жаңа әуе компаниясы ұша бастайды
Келесі жылы Қазақстанға Түркияның жаңа әуе компаниясы ұша бастайды
Turkish Airlines Стамбул – Астана және Стамбул – Алматы бағыттары бойынша рейстерді көбейтуді жоспарлап отыр 18.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-18T19:30+0600
2023-09-18T19:30+0600
2023-09-18T19:30+0600
қоғам
түркия
ұшақ
рейстер
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/903/01/9030124_0:49:1010:617_1920x0_80_0_0_bdee2e87b33bdec2ef1f1da035cae8fb.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы түркиялық бюджеті төмен "AnadoluJet" әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады.Бұл туралы Қазақстан көлік министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың "Turkish Airlines" әуе компаниясының аға вице-президенті Махмут Яйла және вице-президент орынбасары Үміт Девелимен кездесуінде айтылды.Сондай-ақ "Turkish Airlines" өкілдері Стамбул – Астана және Стамбул – Алматы бағыттары бойынша рейстер санын арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.Қазақстан тарапы жолаушыларға неғұрлым қолайлы жағдай жасау және тасымалдау сыйымдылығын арттыру мақсатында рейстерде заманауи кең фюзеляжды ұшақтарды пайдалану туралы қазақстандықтардың өтінішін жеткізді.Сонымен қатар әуе компаниясына Қазақстанға ұшатын рейстерде "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану мүмкіндігі ұсынылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұшу географиясын кеңейту, екі ел арасындағы халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
https://sputnik.kz/20230522/undistan-loukoster-qazaqstan-reyster-35119814.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/903/01/9030124_0:0:1010:758_1920x0_80_0_0_fe7956e84a6fb0b21de2e4ee1d83b3cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
түркия, ұшақ, рейстер
Келесі жылы Қазақстанға Түркияның жаңа әуе компаниясы ұша бастайды
Turkish Airlines Стамбул – Астана және Стамбул – Алматы бағыттары бойынша рейстерді көбейтуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылы түркиялық бюджеті төмен "AnadoluJet" әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады.
Бұл туралы Қазақстан көлік министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың "Turkish Airlines" әуе компаниясының аға вице-президенті Махмут Яйла және вице-президент орынбасары Үміт Девелимен кездесуінде айтылды.
"Түрік тарапы бюджеті төмен "AnadoluJet" бөлімшесін "Turkish Airlines" құрамынан жеке заңды тұлға ретінде шығару жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті. Бұл үдеріс аяқталғаннан кейін 2024 жылғы наурыз айынан бастап жаңа әуе компания Қазақстанға рейстер ашады деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Turkish Airlines" өкілдері Стамбул – Астана және Стамбул – Алматы бағыттары бойынша рейстер санын арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Қазақстан тарапы жолаушыларға неғұрлым қолайлы жағдай жасау және тасымалдау сыйымдылығын арттыру мақсатында рейстерде заманауи кең фюзеляжды ұшақтарды пайдалану туралы қазақстандықтардың өтінішін жеткізді.
Сонымен қатар әуе компаниясына Қазақстанға ұшатын рейстерде "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану мүмкіндігі ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұшу географиясын кеңейту, екі ел арасындағы халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.