https://sputnik.kz/20230917/itti-kolikke-baylap-seruendetken-er-adamnyn-areketi-zhurttyn-ashuyn-tugyzdy-38529449.html
Итті көлікке байлап, серуендеткен: ер адамның әрекеті жұрттың ашуын туғызды
Итті көлікке байлап, серуендеткен: ер адамның әрекеті жұрттың ашуын туғызды
Sputnik Қазақстан
Ер адам бұл өз иті екенін және осылайша оны серуенге алып шыққанын айтқан 17.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-17T12:41+0500
2023-09-17T12:41+0500
2023-09-17T12:42+0500
қоғам
ит
https://sputnik.kz/img/1125/20/11252021_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_827d575a8f0f747bf93ba97f62cbc61e.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында куәгерлер жануарға қатыгездік көрсету фактісін видеоға түсіріп алған. Ер адам итті көлікке байлап, осылайша оны "серуендеткен", деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында болған. Қарашілік ауылының маңында Үрімқай – Щучинск тас жолының бойымен келе жатқан жергілікті тұрғындар ит байланған көлікті байқайды. Көлік баяу қозғалғанымен, ит әрең қадам басып келе жатқан.Әйелдер жүргізушіден тоқтап, жануарды көлікке отырғызуды өтінген."Не болып жатқанын өзіңіз қарасаңызшы. Оның табандары мен тұмсығы қанға боялған, ит әрең тыныстап келе жатыр", - деп олар ер адамды көндіруге тырысқан.Бірақ ер адам бұл өз иті екенін және ол осылайша оны серуенге алып шыққанын айтып жауап берді. Көліктің алдыңғы орындығында ит иесінің баласы отырғаны белгілі болды. Желі пайдаланушылары ересек адам өз баласына қатыгездіктің үлгісін көрсетіп жатыр деп наразылық білдірді. Дегенмен оны қорғаушылар да табылды. Олар ер адам ауыр дертке шалдыққанын және итті серуендету үшін жаяу жүре алмайтынын жазған.Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғадан хабардар екенін атап өтті: видео әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тәртіп сақшыларының көзіне түсіп қалған. Жануардың иесі анықталды. Жалпы оны анықтау қиын болған жоқ. Өйткені видео авторлары көлік нөмірін көрсетіп, атап айтқан.Бұл факті Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Бұл бап жануардың жарақаттануына әкелетін қатыгездікке қатысты. Ол бойынша 120 АЕК айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20230409/atbasar-turgyndary-it-soyyp-etin-zhemek-bolgan-33715143.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1125/20/11252021_74:0:1211:853_1920x0_80_0_0_a41fec51606931603e207ce152ff8a34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит
Итті көлікке байлап, серуендеткен: ер адамның әрекеті жұрттың ашуын туғызды
12:41 17.09.2023 (жаңартылды: 12:42 17.09.2023) Ер адам бұл өз иті екенін және осылайша оны серуенге алып шыққанын айтқан
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында куәгерлер жануарға қатыгездік көрсету фактісін видеоға түсіріп алған. Ер адам итті көлікке байлап, осылайша оны "серуендеткен", деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында болған. Қарашілік ауылының маңында Үрімқай – Щучинск тас жолының бойымен келе жатқан жергілікті тұрғындар ит байланған көлікті байқайды. Көлік баяу қозғалғанымен, ит әрең қадам басып келе жатқан.
Әйелдер жүргізушіден тоқтап, жануарды көлікке отырғызуды өтінген.
"Не болып жатқанын өзіңіз қарасаңызшы. Оның табандары мен тұмсығы қанға боялған, ит әрең тыныстап келе жатыр", - деп олар ер адамды көндіруге тырысқан.
Бірақ ер адам бұл өз иті екенін және ол осылайша оны серуенге алып шыққанын айтып жауап берді. Көліктің алдыңғы орындығында ит иесінің баласы отырғаны белгілі болды. Желі пайдаланушылары ересек адам өз баласына қатыгездіктің үлгісін көрсетіп жатыр деп наразылық білдірді. Дегенмен оны қорғаушылар да табылды. Олар ер адам ауыр дертке шалдыққанын және итті серуендету үшін жаяу жүре алмайтынын жазған.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғадан хабардар екенін атап өтті: видео әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тәртіп сақшыларының көзіне түсіп қалған. Жануардың иесі анықталды. Жалпы оны анықтау қиын болған жоқ. Өйткені видео авторлары көлік нөмірін көрсетіп, атап айтқан.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Бұл бап жануардың жарақаттануына әкелетін қатыгездікке қатысты. Ол бойынша 120 АЕК айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.