https://sputnik.kz/20230917/braziliyadagy-ushaq-apatynan-14-adam-qaza-tapty--baq-38530647.html
Бразилиядағы ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты – БАҚ
Бразилиядағы ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Жолаушылар спорттық балық аулаумен айналысуға бара жатқан туристер болған 17.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-17T14:34+0500
2023-09-17T14:34+0500
2023-09-17T14:34+0500
бразилия
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1a/15060939_0:95:1178:758_1920x0_80_0_0_59314d439a64ca34f1302071c2e6cd92.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Бразилияның Амазонас штатындағы Барселуш муниципалитетінде Embraer 110 жеңіл жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 14 адам болған, олардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды G1 порталы. Жақын маңдағы Барселуш әуежайының тұрғындары оқиға орнына бірінші болып жетіп, мәйіттерді шығаруға көмектесті. Барлық 12 жолаушы мен екі ұшқыш қаза тапты. Амазонас үкіметінің хабарлауынша, ұшақ штат астанасы Манаустан шамамен 400 шақырым жерде орналасқан Барселушқа бет алған. Жолаушылар спорттық балық аулаумен айналысуға бара жатқан туристер болған. Олардың денелері Барселушқа жеткізілді. Апат кезінде нөсер жаңбыр жауып тұрды. Сондықтан Азаматтық қорғаныс өкілдері апатқа осы жағдай себеп болуы мүмкін деп есептейді. Ұшақтың иесі Manaus Aerotáxi ұшақ пен экипаждың қажетті талаптарға сай болғанын және оқиғаның себебін анықтауға кірісетінін хабарлады.
https://sputnik.kz/20230912/reseyde-ushaq-egis-alqabyna-apatty-zhagdayda-qondy-38379978.html
бразилия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1a/15060939_21:0:1158:853_1920x0_80_0_0_7ade36974066807497402b07ce77bc6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бразилия, ұшақ апаты
Бразилиядағы ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты – БАҚ
Жолаушылар спорттық балық аулаумен айналысуға бара жатқан туристер болған
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Бразилияның Амазонас штатындағы Барселуш муниципалитетінде Embraer 110 жеңіл жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында 14 адам болған, олардың барлығы қаза тапты, деп хабарлайды G1 порталы.
"Амазонастың ішкі аудандарында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Борттағы 14 адамның барлығы қаза тапты. Бұл істі тергеумен Бразилияның әскери-әуе күштері айналысып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жақын маңдағы Барселуш әуежайының тұрғындары оқиға орнына бірінші болып жетіп, мәйіттерді шығаруға көмектесті. Барлық 12 жолаушы мен екі ұшқыш қаза тапты. Амазонас үкіметінің хабарлауынша, ұшақ штат астанасы Манаустан шамамен 400 шақырым жерде орналасқан Барселушқа бет алған.
Жолаушылар спорттық балық аулаумен айналысуға бара жатқан туристер болған. Олардың денелері Барселушқа жеткізілді.
Апат кезінде нөсер жаңбыр жауып тұрды. Сондықтан Азаматтық қорғаныс өкілдері апатқа осы жағдай себеп болуы мүмкін деп есептейді. Ұшақтың иесі Manaus Aerotáxi ұшақ пен экипаждың қажетті талаптарға сай болғанын және оқиғаның себебін анықтауға кірісетінін хабарлады.