Астанадағы Ұлы Дала көпірі бір айға жартылай жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны с высоты птичьего полета
Виды Астаны с высоты птичьего полета - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Астанада 15 қазанға дейін Ұлы Дала даңғылындағы көпір жартылай жабылды, деп хабарлады Астана қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.
Бұл қозғалысты шектеу деформациялық жіктің негізін жөндеуге байланысты.
"16 қыркүйек пен 15 қазан аралығында көпірде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Бұл ретте көпірдің бір жағында екі бағытта да қозғалыс ұйымдастырылады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын мердігер компания кепілдік міндеттемелер аясында жүргізетіні хабарланды. Астана әкімдігінің хабарлауынша, Қошқарбаев көшесі мен Сығанақ пен Әнет баба көшелері қиылысының учаскелері жол-құрылыс жұмыстарына байланысты бірнеше күнге жабылады.
"Қошқарбаев даңғылының оң жағындағы жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 16-18 қыркүйек аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы жартылай жабылады. Көлік қозғалысы сол жақта екі бағытта орындалады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Елорда тұрғындарынан кептеліске тап болып қалмас үшін жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Жаңалықтар
0