Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасын тағайындады

© Photo : Нацбанк РКЖандос Шаймарданов
Жандос Шаймарданов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Жазылу
Жандос Шаймарданов бұған дейін Ұлттық статистика бюросын басқарды
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Жандос Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Жандос Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Йорк университетін (Ұлыбритания) бітірген (2009), "Экономика және қаржы" мамандығы.
2009-2010 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы;
2010-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ менеджері;
2013-2014 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;
2014-2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры;
2016-2019 жылдары – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры;
2019-2020 жылдары – "QazTech Ventures" АҚ басқарма төрағасы;
2020 жылдан бастап – Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
2022 жылдың 24 ақпанынан бүгінге дейін Ұлттық статистика бюросын басқарды.
Жаңалықтар
0