Шымкентте екі жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2023
Жазылу
Шымкентте құтқарушылар электрлі еттартқыштан екі жасар баланың қолын шығарды. Сәби дереу жансақтау бөліміне жеткізілді
АСТАНА, 16 Қырқүйек – Sputnik. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушыларды жедел жәрдем қызметкерлері шақыртқан.
"Оқиға орнына жеткен жедел әрекет ету тобы екі жасар баланың қолын электрлі еттартқыш шайнап тастағанын анықтады. Аға фельдшер Сержан Сәбденов, фельдшер Нұрғали Ташкенбаев және құтқарушы Жанболат Омаров алғашқы медициналық көмекті көрсетті. Оң қолының көптеген жері сынған бала Абай ауылының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады Шымкент ТЖД.
Ресми ақпаратқа сәйкес, баланың қолын механизмнен шығару үшін жедел әрекет ету бригадасы апатты-құтқару жабдығын пайдаланды. Ол кезде бала наркозда болған.
Прием в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Өңірлер
Маңғыстау облысында емшіге барған бала қолынан айырылды
Жаңалықтар
0