https://sputnik.kz/20230916/ishki-ister-ministri-tmd-dagy-ariptesterine-undeu-zholdady-38519044.html
Ішкі істер министрі ТМД-дағы әріптестеріне үндеу жолдады
Ішкі істер министрі ТМД-дағы әріптестеріне үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Сәденовтың айтуынша, ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр 16.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-16T14:37+0500
2023-09-16T14:37+0500
2023-09-16T14:37+0500
қоғам
тмд
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/09/10/38512392_108:0:1093:554_1920x0_80_0_0_4f61a3a121502a36c9eee2f4a75e5cd9.jpg
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері трансұлттық ұйымдасқан топтарға бірлесе отырып сенімді тосқауыл қоюы керек, деп есептейді Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов. Бұл туралы ол Түркістанда өткен Достастық мемлекеттерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлады ведомстводағылар.Сәденовтың айтуынша, жалпы ТМД-ның және ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр және тәжірибе көрсеткендей, ол енді "дәстүрлі" қылмыстармен шектелмейді."Экономикалық жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыс ауқымының ұлғаюына және оның трансұлттық сипатқа ие болуына ықпал етеді. Осыған байланысты біз оның жолында бірге сенімді тосқауыл қоюымыз керек", - деді министр.Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті. Қазақстанда бұл бағытта есірткі зертханаларын тауып, жоюға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.ІІМ басшысы жыл басынан бері есірткі өндіретін 59 цех жойылғанын, шетелдік әріптестермен бірлесе отырып Алматыда құрамына Достастық елдерінің бірқатар азаматы кірген трансұлттық топ жойылғанын атап өтті. Олардан 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.Ішкі істер министрлері Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдап, ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының халықаралық бақылаудағы жеткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады.
https://sputnik.kz/20230915/qazaqstanda-zhumyssyzdar-qanday-qylmysqa-zhii-barady-38472805.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/10/38512392_231:0:970:554_1920x0_80_0_0_9b8049dee94ecd3c510a59eb9557ca7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, ішкі істер министрлігі
тмд, ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрі ТМД-дағы әріптестеріне үндеу жолдады
Сәденовтың айтуынша, ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері трансұлттық ұйымдасқан топтарға бірлесе отырып сенімді тосқауыл қоюы керек, деп есептейді Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов. Бұл туралы ол Түркістанда өткен Достастық мемлекеттерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлады ведомстводағылар.
Сәденовтың айтуынша, жалпы ТМД-ның және ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр және тәжірибе көрсеткендей, ол енді "дәстүрлі" қылмыстармен шектелмейді.
"Экономикалық жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыс ауқымының ұлғаюына және оның трансұлттық сипатқа ие болуына ықпал етеді. Осыған байланысты біз оның жолында бірге сенімді тосқауыл қоюымыз керек", - деді министр.
Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті. Қазақстанда бұл бағытта есірткі зертханаларын тауып, жоюға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
ІІМ басшысы жыл басынан бері есірткі өндіретін 59 цех жойылғанын, шетелдік әріптестермен бірлесе отырып Алматыда құрамына Достастық елдерінің бірқатар азаматы кірген трансұлттық топ жойылғанын атап өтті. Олардан 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
Ішкі істер министрлері Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдап, ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының халықаралық бақылаудағы жеткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады.