Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады

© Sputnik / Алексей ФилипповОлимпийские кольца, архивное фото
Олимпийские кольца, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Ұлттық Олимпиада комитетінің мерейтойлық іс-шаралары Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатыр
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым", - деп жазылған құттықтауда.
Тоқаев комитет олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр.
"Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды", - делінген құттықтауда.
Оның айтуынша, Қазақстан қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алды.
"Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!", - деп түйіндеген мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0