Қазақстандықтар Ресейге қоныс аударған кезде орыс тілін білетінін растамайды

© Sputnik / Абзал Калиев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Қазақстан Ресей үкіметі жеңілдік жасаған төрт елдің бірі болды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Ресейде шетелден қоныс аударатындарға көмектесу жөніндегі бағдарламаға түзетулер енгізілді. Келесі жылдан бастап Ресейге кіруге ниет білдіргендер орыс тілін білу деңгейін растауы керек. Бұл туралы РИА Новости елдің министрлер кабинетінің тиісті қаулысына сілтеме жасап хабарлады.
"2024 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында басқа елдерден Ресейге қоныс аударуды қалайтын отандастар орыс тілін меңгергенін растауы керек", - деп жазылған құжатта.
Бұл талаптан тек төрт елдің – Беларусь, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтары ғана босатылды, деп көрсетілген құжатта.
Шетелдіктерге тіл білетінін растау үшін не істеу қажет?
Репатриация бағдарламасына қатысуға өтініш жолдаған адам орыс тілін білетінін растау үшін Ресейде немесе 1991 жылдың 1 қыркүйегіне дейін КСРО құрамында болған елдің аумағында білім алғанын растайтын құжатты немесе орыс тілі ресми тілдердің бірі болып табылатын басқа елде берілген білім туралы құжатты қоса ұсынуы керек.
Егер адамның қолында мұндай құжат болмаса, ол уәкілетті орган өкілдерімен сұхбаттасудан өтуі керек. Олар қоныс аударуға өтініш берушінің орыс тілін меңгеру деңгейін анықтайды, деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтар
0