https://sputnik.kz/20230915/keyingi-ush-zhylda-400-den-astam-turistik-nysan-salyndy--smayylov-38497109.html
Кейінгі үш жылда 400-ден астам туристік нысан салынды – Смайылов
Кейінгі үш жылда 400-ден астам туристік нысан салынды – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Шетелдік туристерді тарту үшін мемлекет туроператорларға да субсидия береді 15.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-15T17:12+0500
2023-09-15T17:12+0500
2023-09-15T17:12+0500
туризм
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38285165_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_31dca217e71575d938644800bde17c9f.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтауда Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форумда мемлекеттің туризмді дамытуға, төл мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді насихаттауға үлкен мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі."Біз "зәкірлік" жобалар іске асырылатын маңызды 10 туристік аймақты анықтадық. Олардың бірі – Каспий теңізінің жағалауы. Бұл - ерекше фаунасы, көркем жағажайлары мен ежелгі көрікті жерлері бар ерекше мекен", -деді Әлихан Смайылов..Ол үкімет кез келген қонақ үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ниетті екенін атап өтті. Мемлекеттің де, жеке сектордың да күш-жігері осыған бағытталған.Сондай-ақ премьер-министр бүгінде Қазақстанда азаматтары визасыз жүре алатын мемлекеттердің саны 80-ге дейін артқанын еске салды. Халықаралық әуе қатынасының географиясы кеңейіп келеді.Оның айтуынша, соңғы үш жылда салаға $4 млрд көлемінде инвестиция тартылып, 400-ден астам туристік нысан салынды.Республикада Hilton, Marriott, Wyndham, Accor және т.б. сияқты 20-дан астам танымал халықаралық қонақ үй желісі есігін айқара ашты."Біз шетелдік және отандық инвесторларды Қазақстанның туризм саласын ел үкіметінің қолдауымен ұзақ мерзімді инвестиция салу мүмкіндігі ретінде қарастыруға шақырамыз", — деп түйіндеді Смайылов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/08/38285165_86:0:1195:832_1920x0_80_0_0_27f87974ddf158e37af7aad6da3077e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм
Кейінгі үш жылда 400-ден астам туристік нысан салынды – Смайылов
Шетелдік туристерді тарту үшін мемлекет туроператорларға да субсидия береді
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтауда Туризмді дамыту жөніндегі халықаралық форумда мемлекеттің туризмді дамытуға, төл мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді насихаттауға үлкен мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
"Біз "зәкірлік" жобалар іске асырылатын маңызды 10 туристік аймақты анықтадық. Олардың бірі – Каспий теңізінің жағалауы. Бұл - ерекше фаунасы, көркем жағажайлары мен ежелгі көрікті жерлері бар ерекше мекен", -деді Әлихан Смайылов..
Ол үкімет кез келген қонақ үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ниетті екенін атап өтті. Мемлекеттің де, жеке сектордың да күш-жігері осыған бағытталған.
Сондай-ақ премьер-министр бүгінде Қазақстанда азаматтары визасыз жүре алатын мемлекеттердің саны 80-ге дейін артқанын еске салды. Халықаралық әуе қатынасының географиясы кеңейіп келеді.
"Өткен жылдан бері мемлекеттік қолдау шаралары бойынша туризм нысандарын салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жобалары қамтылды. Шетелдік туристерді тарту үшін мемлекет туроператорларға да субсидия береді. Сондай-ақ ел ішінде саяхаттайтын Қазақстан азаматтары үшін балалар әуе билеттері субсидияланады", — деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда салаға $4 млрд көлемінде инвестиция тартылып, 400-ден астам туристік нысан салынды.
Республикада Hilton, Marriott, Wyndham, Accor және т.б. сияқты 20-дан астам танымал халықаралық қонақ үй желісі есігін айқара ашты.
"Біз шетелдік және отандық инвесторларды Қазақстанның туризм саласын ел үкіметінің қолдауымен ұзақ мерзімді инвестиция салу мүмкіндігі ретінде қарастыруға шақырамыз", — деп түйіндеді Смайылов.