Елдегі көлік саны 5 миллионнан асты

© Sputnik / Абзал КалиевСнегопад
Снегопад - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы көлік саны 5 миллион межесінен асты, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

"2023 жылғы шілдеде 169,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты", - делінген хабарламада.

Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.
Жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында-151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың көлік.
Автомобиль Toyota, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Қазақстанда жиі сатылатын көліктер: Toyota Camry үздік ондықтан шығып қалды
Жаңалықтар
0