Душанбедегі саммиттен кейін Орталық Азия елдерінің басшылары қандай құжаттарға қол қойды?
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаХалықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысушылар
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар құжатқа қол қойды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша келесі құжаттарға қол қойылды:
1.
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбедегі мәлімдемесі;2.
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуінің қорытындысы туралы;3.
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен келісімдік-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы;4.
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі: Халықаралық Аралды құтқару қорының президентін сайлау туралы.© PhotoХалықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысы
Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысы
© Photo
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Душанбеге келді. Ол Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.