Алматыға келген туристерді алмамен қарсы алады

© Sputnik / Абзал КалиевАлматинский апорт
Алматинский апорт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы күнін мерекелеу аясында "Алматының символын сыйлаймыз" акциясы ұйымдастырылды.
14-17 қыркүйек аралығында халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау аймағында шетелдік қонақтарды алмамен қарсы алатын болады.
Сондай-ақ туристерге алдағы күндерге арналған мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларының тізімін қамтитын іс-шаралар күнтізбесі таратылады.
Алматыда осы ай бойы көрмелер, әдеби кештер, қайырымдылық және экологиялық акциялар, флешмобтар, конкурстар, спектакльдер, концерттер, спорттық турнирлер, жаппай жарыстар өтеді.
Осылай, туристер қалада болған уақытында мәдени іс-шаралардан бастап спорттық іс-шараларға дейінгі ойын-сауықтың алуан түрін тамашалай алады.
Акцияны Алматы халықаралық әуежайы және шекаралық бақылау басқармасы ұйымдастырды.
Алматы. Виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2023
Алматыда қала күніне орай қандай шаралар өтеді
Жаңалықтар
0