https://sputnik.kz/20230915/almaty-oblysynda-er-adam-zhasospirim-qyzdy-urlap-ketkeni-ushin-10-zhylga-sottaldy-38498799.html
Алматы облысында ер адам жасөспірім қызды ұрлап кеткені үшін 10 жылға сотталды
Алматы облысында ер адам жасөспірім қызды ұрлап кеткені үшін 10 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Қаскүнем тоқтаған үйдің иесі мен қыздың өзінің арқасында қылмыстық жоспар жүзеге аспады 15.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-15T17:41+0500
2023-09-15T17:41+0500
2023-09-15T18:32+0500
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жасөспірім қызды алдап, басқа ауылға алып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.Осы жылдың 6 маусымында мас адам Қарғалы ауылына қарай көлік тоқтатып тұрған кәмелетке толмаған қыз баланы көріп, алдап сөзге тартып, өзімен бірге Ұзынағаш ауылына алып кеткен.Ол жолда бірнеше қонақ үйге тоқтамақ болған, алайда қонақ үй әкімшілері сотталушының масаң күйде болғанын көріп, қабылдаудан бас тартқан.Содан кейін Қарасай ауданында орналасқан үйдің сыртындағы "Монша" деген жазуды көріп, сол үйде ұйықтап алу үшін аулаға қызды ертіп кірген.Осы уақытта үй иесін көрген қыз қаскүнемнің қолынан сытылып шығып, өзін ұрлап кеткенін айтқан.Үй иесі бірден ұялы телефонының видеокамерасына түсіре бастаған. Мұны көрген ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.Прокурор сотталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.Сотталушы кінәсін мойындап, теріс ойы болмағанын айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді.Жәбірленушінің анасы сотталушыны кешірмейтінін айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрады."Сотталушы Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді", - деп жазылған хабарламада.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім
Алматы облысында ер адам жасөспірім қызды ұрлап кеткені үшін 10 жылға сотталды
17:41 15.09.2023 (жаңартылды: 18:32 15.09.2023) Қаскүнем тоқтаған үйдің иесі мен қыздың өзінің арқасында қылмыстық жоспар жүзеге аспады
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында жасөспірім қызды алдап, басқа ауылға алып кеткен азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Осы жылдың 6 маусымында мас адам Қарғалы ауылына қарай көлік тоқтатып тұрған кәмелетке толмаған қыз баланы көріп, алдап сөзге тартып, өзімен бірге Ұзынағаш ауылына алып кеткен.
Ол жолда бірнеше қонақ үйге тоқтамақ болған, алайда қонақ үй әкімшілері сотталушының масаң күйде болғанын көріп, қабылдаудан бас тартқан.
Содан кейін Қарасай ауданында орналасқан үйдің сыртындағы "Монша" деген жазуды көріп, сол үйде ұйықтап алу үшін аулаға қызды ертіп кірген.
Осы уақытта үй иесін көрген қыз қаскүнемнің қолынан сытылып шығып, өзін ұрлап кеткенін айтқан.
Үй иесі бірден ұялы телефонының видеокамерасына түсіре бастаған. Мұны көрген ер адам оқиға орнынан бой тасалаған.
Прокурор сотталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындап, теріс ойы болмағанын айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді.
Жәбірленушінің анасы сотталушыны кешірмейтінін айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрады.
"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.