https://sputnik.kz/20230914/toqaev-ortalyq-aziya-elderine-ortaq-birneshe-bastamany-koterdi-38455750.html
Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ бірнеше бастаманы көтерді
Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ бірнеше бастаманы көтерді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар бастамасын... 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T16:18+0500
2023-09-14T16:18+0500
2023-09-14T16:18+0500
тәжікстан
қасым-жомарт тоқаев
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36263989_0:0:980:551_1920x0_80_0_0_445cb608f83de639205866aa5a517f96.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар бастамасын жариялады, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев консультативтік кездесулердің форматы пәрменді алаңға айналғанын ерекше атап өтті. Бүгінде өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар Орталық Азияға пайдасын тигізіп жатыр. Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті.Осы орайда Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алады."Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек. Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті.Сондай-ақ, президент Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бұл жоспар тауарлардың жекелеген түрлерін өндірудің тұйық циклін қалыптастырып, алдағы уақытта үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға бағыттай алады.
https://sputnik.kz/20230914/transkaspiy-dalizi-arqyly-zhuk-tasymaldau-kolemi-5-ese-ulgayuy-mumkin--toqaev-38454607.html
тәжікстан
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/17/36263989_114:0:849:551_1920x0_80_0_0_d7147846338bd000649ce176901c6454.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан, қасым-жомарт тоқаев, орталық азия
тәжікстан, қасым-жомарт тоқаев, орталық азия
Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ бірнеше бастаманы көтерді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірқатар бастамасын жариялады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев консультативтік кездесулердің форматы пәрменді алаңға айналғанын ерекше атап өтті. Бүгінде өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық дәйекті түрде кеңейіп келеді. Бизнес арасындағы байланыстар жанданып, бірлескен кәсіпорындар саны арта түсті. Ірі аймақтық жобалар Орталық Азияға пайдасын тигізіп жатыр. Соңғы бес жылда өңірішілік тауар айналымы 80 пайыздан астам өсіп, 10,6 миллиард долларға жетті.
"Мұнымен шектеліп қалмайтынымызға сенімдімін. Сауда-саттықты одан әрі дамыту үшін елдеріміздің әлеуеті зор. Біздің елдеріміздің өзара тауар айналымын алдағы уақытта 15 миллиард долларға дейін жеткізу үшін мол мүмкіндік бар", - деді Тоқаев.
Осы орайда Қазақстан өңірдегі елдерге өз экспортын 175 шикізаттық емес тауар түрі бойынша ұлғайта алады.
"Елдеріміздің іскер топтары сауда айналымын кеңейтетін негізгі жетекші күш болуға тиіс деп санаймын. Сондықтан, менің ойымша, оларға қолайлы орта қалыптастыру жұмысына баса мән беру керек. Кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату үшін тауар өндірушілердің бірыңғай электронды базасын құруды ұсынамыз. Мысалы, оны Central Asia Gateway порталы аясында іске асыруға болады", - деп атап көрсетті Қазақстан президенті.
Сондай-ақ, президент Орталық Азия мемлекеттерінің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді ұсынды. Бұл жоспар тауарлардың жекелеген түрлерін өндірудің тұйық циклін қалыптастырып, алдағы уақытта үшінші елдердің нарықтарына экспорттауға бағыттай алады.