https://sputnik.kz/20230914/toqaev-ortalyq-aziya-elderine-ortaq--tagy-bir-telearna-ashudy-usyndy-38456089.html
Мемлекет басшысы тағы бір телеарна ашуды ұсынды
Мемлекет басшысы тағы бір телеарна ашуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ телеарнаны ашуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда. 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T16:29+0500
2023-09-14T16:29+0500
2023-09-14T16:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
орталық азия
телеарна
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0e/38454863_0:98:3291:1949_1920x0_80_0_0_8408d0eeb94a4c0a8e0657f682bca598.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ телеарнаны ашуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.Бүгін мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірнеше ұсыныс жасады. Соның бірі – телеарны мен сайт ашу.Осы орайда президент Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін ерекше атап өтті."Құрметті әріптестер, Сіздерді Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуіне шақырамын. Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асырылуы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап көрсетті Тоқаев.
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/0e/38454863_281:0:3010:2047_1920x0_80_0_0_4b4fa74d7528d404800c42d1e8b1316e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, орталық азия, телеарна
қасым-жомарт тоқаев, орталық азия, телеарна
Мемлекет басшысы тағы бір телеарна ашуды ұсынды
16:29 14.09.2023 (жаңартылды: 16:57 14.09.2023) АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ телеарнаны ашуды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
Бүгін мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде бірнеше ұсыныс жасады. Соның бірі – телеарны мен сайт ашу.
"Ақпараттық кеңістіктегі ынтымақтастықты жандандырудың перспективасы зор. Жоғары сапалы ортақ медиажобаларды жүзеге асыру, соның ішінде жалпыөңірлік телеарна, жаңалықтар сайтын құру ісіне кірісуді ұсынамын. Бұл міндеттердің орындалуы Орталық Азия елдерінің салалық ведомстволары және ақпарат агенттіктері арасындағы тұрақты диалогқа септігін тигізеді Менің айтқан ұсыныстарым мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеру ниетінен туындап отыр", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент Қазақстанның өңірдегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін ерекше атап өтті.
"Құрметті әріптестер, Сіздерді Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Қазақстанда өтетін 6-шы Консультативтік кездесуіне шақырамын. Алдағы міндеттердің табысты жүзеге асырылуы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деп атап көрсетті Тоқаев.