Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 37%-ға өсті

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуИя Малкина
Ия Малкина   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2023
Жазылу
Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы жарты жылда 13%-ға артты
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі Ия Малкина ЕАЭО елдеріндегі алғашқы алты айдағы сауда-саттықтың динамикасын оң бағалады.
"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі 13%-ға өсті", - деді ол брифингте.
Сонымен бірге Малкина Қазақстан одақ елдеріне экспортты 37 пайызға арттырғанын мәлімдеді.
Басқа мемлекеттер арасында ЕЭК ресми өкілі бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есе дерлік көп тауар экспорттаған Арменияны атап өтті.
ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымындағы өзара сауда айналымының үлесі бір жылда 13%-дан 18%-ға дейін өсті, деп толықтырды ол.
Сондай ақ Ия Малкина өткен жылдың соңында ЕАЭО елдері арасындағы ұлттық валютадағы есеп айырысудың үлесі 83%-ды құрағанын атап өтті.
Жаңалықтар
0