https://sputnik.kz/20230914/aldagy-saylauda-akimderdi-kimder-usyna-alady-38452755.html
Алдағы сайлауда әкімдерді кімдер ұсына алады
Алдағы сайлауда әкімдерді кімдер ұсына алады
Sputnik Қазақстан
Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды 14.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-14T15:40+0500
2023-09-14T15:40+0500
2023-09-14T15:40+0500
сайлау
әкім
https://sputnik.kz/img/1043/16/10431600_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_443868ae03ce2339ed3fd27c0899e535.jpg
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада өтетін облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлауда кандидаттарды ұсыну тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Комиссия мүшесі Константин Петровтың айтуынша, үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады. Әрбір партияға бір сайлау округында бір ғана кандидатты ұсынуға рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын шығара алады.Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды. Сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр.Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі. Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.
https://sputnik.kz/20230914/oblys-ortalygy-men-audan-akimderin-saylau-otedi--osk-malimdeme-zhasady-38451667.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1043/16/10431600_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_da29a6e5ab66a89e05c7042b89eb0056.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау, әкім
Алдағы сайлауда әкімдерді кімдер ұсына алады
Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы 5 қарашада өтетін облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың әкімдерін сайлауда кандидаттарды ұсыну тәртібін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Комиссия мүшесі Константин Петровтың айтуынша, үміткерлерді саяси партиялар ұсына алады. Әрбір партияға бір сайлау округында бір ғана кандидатты ұсынуға рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар өзін-өзі ұсыну арқылы өз кандидатураларын шығара алады.
"Ол үшін дәл сол окруқта тұратын сайлаушылардың кем дегенде 1 процент қолын жинау керек. Ал кандидаттар болмай қалса, я болмаса, бір ғана үміткер тіркелген жағдайда әкім бір немесе екі адамды ұсына алады. Алайда бұған дейін ауыл әкімдерін сайлау кезінде ондай норманы еш жерде қолданған жоқ", - деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бүгін Орталық сайлау комиссиясы 3 облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімін пилоттық режимде сайлауды ұйғарды. Сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр.
Кандаттарды ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 5 қазанда аяқталады. Одан кейін барлығын тіркейді. Ал сайлау алдындағы үгіт-насихатқа 24 күн (10 қазан мен 4 қарашаның аралығы) беріледі. Ал сайлаудың қорытындысы бір аптаның ішінде 11 қазаннан кешіктірілмей жарияланады.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 16 наурызда жасаған жолдауында 2023 жылдан бастап пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды тапсырған болатын.