https://sputnik.kz/20230913/zhumysynan-ayyrylgan-140-mynnan-astam-qazaqstandyq-tolem-aldy-38422143.html
Жұмысынан айырылған 140 мыңнан астам қазақстандық төлем алды
Жұмысынан айырылған 140 мыңнан астам қазақстандық төлем алды
Sputnik Қазақстан
Жұмыссыздарға жоғалған кірістің 45%-і төленеді 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T16:23+0500
2023-09-13T16:23+0500
2023-09-13T16:23+0500
қоғам
жұмыссыздық
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 140,5 мың адамды құрады.Биыл 127,7 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.Әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздарға жоғалған кірістің 45%-і төленеді.Жұмыссыз қалған азаматтарға төлем алу үшін не істеу керек:Бұл қызметті Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
https://sputnik.kz/20230901/toqaev-55-zhastan-bastap-arnayy-aleumettik-tolem-berudi-tapsyrdy-38101230.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыссыздық, әлеуметтік төлем
жұмыссыздық, әлеуметтік төлем
Жұмысынан айырылған 140 мыңнан астам қазақстандық төлем алды
Жұмыссыздарға жоғалған кірістің 45%-і төленеді
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 140,5 мың адамды құрады.
Биыл 127,7 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады.
Әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздарға жоғалған кірістің 45%-і төленеді.
Жұмыссыз қалған азаматтарға төлем алу үшін не істеу керек:
eGov.kz порталында авторизациядан өту;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық бағанды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберу;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Бұл қызметті Электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.