https://sputnik.kz/20230913/memlekettik-tudy-balkondarga-iluge-ruqsat-etilmek-38428336.html
Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат етілмек
Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат етілмек
Sputnik Қазақстан
Қаулы 27 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T21:09+0500
2023-09-13T21:09+0500
2023-09-13T21:09+0500
мемлекеттік ту
үкімет қаулысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15644702_134:0:1071:527_1920x0_80_0_0_3f6880303b45c5476e867c8f69c7163b.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік Туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізбек."Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) Мемлекеттік Ту көлбеу түрде (45 градустан аспайтын болуы тиіс), 3 метрден төмен емес биіктікте орналастыруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемде болуы тиіс", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында.Қазіргі қолданыстағы заңнама талабында мұндай норма жоқ. Сонымен қатар қаулыға тағы бірнеше өзгеріс енгізілмек. Атап айтқанда, енді мемлекеттік Тудың бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, мемлекеттік наградалардың элементі, геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкін. Дегенмен бұл ретте мынаған тыйым салынады:Бұған қоса қаулының жаңа тармағына сәйкес, мына әрекеттер Туды қорлау болып саналады:Қаулы 27 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.
https://sputnik.kz/20220626/almatyda-memlekettik-tudy-qoqys-shygaru-ushin-qoldangan--video-25773740.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15644702_251:0:954:527_1920x0_80_0_0_e1079f575a0b224cd42e24e8bb21b3a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік ту, үкімет қаулысы
мемлекеттік ту, үкімет қаулысы
Мемлекеттік Туды балкондарға ілуге рұқсат етілмек
Қаулы 27 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік Туды пайдалану ережелеріне өзгеріс енгізбек.
"Жеке тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде, балкондарда) Мемлекеттік Ту көлбеу түрде (45 градустан аспайтын болуы тиіс), 3 метрден төмен емес биіктікте орналастыруға рұқсат етіледі. Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшемде болуы тиіс", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет
қаулысының жобасында.
Қазіргі қолданыстағы заңнама талабында мұндай норма жоқ. Сонымен қатар қаулыға тағы бірнеше өзгеріс енгізілмек. Атап айтқанда, енді мемлекеттік Тудың бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, мемлекеттік наградалардың элементі, геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкін.
Дегенмен бұл ретте мынаған тыйым салынады:
Мемлекеттік Туды қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар жалаулары, мөрлері және таңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды.
Бұған қоса қаулының жаңа тармағына сәйкес, мына әрекеттер Туды қорлау болып саналады:
жырту, жағу, өртеу, қасақана жерге тастау, таптау, қоқысқа лақтыру;
коллаж жасау арқылы мемлекеттік туды қорлау, тыйым салынған және мақсатқа сай емес жерлерде пайдалану, әлеуметтік желілерді қоса алғанда Мемлекеттік Туды көпшілік алдында мазақ ету, балағаттау.
Қаулы 27 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.