https://sputnik.kz/20230913/europada-askeri-nysandar-kobeyip-zhatyr-38544486.html
Еуропада әскери нысандар көбейіп жатыр
Еуропада әскери нысандар көбейіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Еуропада снарядтар шығаратын конвейерлер іске қосылып, әскери зауыттардың жаңа ғимараттары салынып жатыр. Бейбіт кәсіпорындар әскери бағытқа көшуде... 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T18:18+0500
2023-09-13T18:18+0500
2023-11-01T16:27+0500
еуропа
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38544852_0:32:3068:1758_1920x0_80_0_0_b59bd4b86f4120bac410d2f233c3361c.jpg
Еуропада снарядтар шығаратын конвейерлер іске қосылып, әскери зауыттардың жаңа ғимараттары салынып жатыр. Бейбіт кәсіпорындар әскери бағытқа көшуде. Еурокомиссия да ЕО-да шығарылатын қару-жарақ көлемін ұлғайту мәселесіне қолдау көрсетіп отырған сыңайлы, деп жазды РИА Новости.The New York Times басылымы еуропалық үкіметтер өздерінің әскери-өнеркәсіптік кешенін қаржыландыру үшін үлкен күш-жігер жұмсағанын атап өтеді. Дегенмен еуропалық қорғаныс өнеркәсібінде әлі де көптеген мәселе бар екенін Украинадағы әскери іс-қимылдар анық көрсетті."Украина сарбаздары бір өндірушінің 155 миллиметрлі снарядтары кейде басқа өндіруші шығарған "Ховитцерлерге" сәйкес келмейтіндігімен бетпе-бет келді, - деп жазды америкалық журналистер. – Оқ-дәрілер мен қосалқы бөлшектерді жиі жағдайда бір-бірімен алмастыру мүмкін емес. Бұл техниканың жиі істен шығуына әкеледі және жөндеуді қиындатады".Америкалық БАҚ өз мақаласын шведтік Saab зауытының суреттерімен иллюстрациялаған. Ресейде бұл зауыт өз көліктерімен танымал. Дегенмен Saab жүз жылға жуық уақыттан бері еуропалық әскери-өнеркәсіптік кешені көшбасшыларының бірі болып келеді.1930 жылдары шведтер неміс ұшақтарын өндірушілерге қолдау көрсетті: Версаль келісімі бойынша Германияға ұшақ өндірісіне тыйым салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде швед-неміс компаниялары Үшінші рейхті ұшақтармен қамтамасыз етті. Saab-18 жақсы бомбалаушы, Saab-21 жойғыш ұшақ болды.Соғыстан кейін концерн өзінің ұшақтары мен қару-жарақтарын экспортқа сатты. Соңғы бір жарым жылдан бері ол Украина Қарулы күштерін танкке қарсы басқарылатын зымырандармен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі күні Швеция НАТО-ға бір табан жақындады. Америкалықтардың пайымдауынша, швед концернін еуропалық қарулану саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыратын уақыт келді.Дегенмен еуропалық әскери-өнеркәсіптік кешенге өз ішінде терең бәсеке тән. Өндірушілер белгілі бір шетелдік тұтынушыларға бейімделе отырып, экспортқа қару шығарады. Егер олар өз өнімдерінің сипаттамаларын өзгертсе, олар тұтынушыларын жоғалтады.Оның үстіне ЕО ұлттық үкіметтері қорғаныс өнеркәсібін тәуелсіз ұстауға тырысады. Сондықтан олар оны мұхиттың арғы жағындағыларға беріп қоя салмас.Өндірілген қару-жарақ түрінде толық сәйкессіздік болуы осы себепті таңқаларлық жағдай емес. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерге арналған НАТО стандарттарына еуропалық әскери-өнеркәсіп кешені өнімдерінің тек 18 пайызы сәйкес келеді. Қазіргі таңда Еуропада "Ховитцерлердің" 27 түрі, жойғыш ұшақтың 20 түрі, мина тасымалдаушы пен фрегаттың 26 түрі шығарылатынына америкалықтар наразы. Сондықтан америкалық басылым еуропалықтар өз қаруларын біріздендіру қажет екенін жазды.Еуропалықтар Украинамен қақтығыстан кейін Ресей өздеріне шабуыл жасайды деп күтіп отыр. Олардың қорғаныс өнеркәсібіне ден қоюы да сондықтан. Алайда, Ресей олар күткендей қарсы әрекетке көшпесе ше? Онда қарулану жарысы Еуропа экономикасын тіпті тоқыратқаны белгілі болады. Ал Еуропа экономикасы коронавирус локдаундары және антиресейлік санкциялар салдарынан әлі е жийып үлгерген жоқ.Лондондағы Пол Тейлор Еуроодақта әскери шығындарға салық енгізу дұрыс емес, одан да ұйымға қорғаныс өнеркәсібі үшін бірлескен несие алғаны тиімді болады деп санайды. Олай болса қайдан қарыз алу керек? Әрине, сөзсіз Лондон мен Вашингтоннан. Олар кредитті барлық еуропалық елдің қорғаныс кешендерін толығымен біріктіру шартымен беретіні де белгілі. Себебі Еуропаны бір үлкен қорғаныс зауытына айналдыру олардың түпкі мақсаты болып отыр, деп жазды РИА Новости.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/12/38544852_288:0:3019:2048_1920x0_80_0_0_2b6a870cff91cf6326736466432abec1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Еуропада снарядтар шығаратын конвейерлер іске қосылып, әскери зауыттардың жаңа ғимараттары салынып жатыр. Бейбіт кәсіпорындар әскери бағытқа көшуде. Еурокомиссия да ЕО-да шығарылатын қару-жарақ көлемін ұлғайту мәселесіне қолдау көрсетіп отырған сыңайлы, деп жазды
РИА Новости.The New York Times басылымы еуропалық үкіметтер өздерінің әскери-өнеркәсіптік кешенін қаржыландыру үшін үлкен күш-жігер жұмсағанын атап өтеді. Дегенмен еуропалық қорғаныс өнеркәсібінде әлі де көптеген мәселе бар екенін Украинадағы әскери іс-қимылдар анық көрсетті.
"Украина сарбаздары бір өндірушінің 155 миллиметрлі снарядтары кейде басқа өндіруші шығарған "Ховитцерлерге" сәйкес келмейтіндігімен бетпе-бет келді, - деп жазды америкалық журналистер. – Оқ-дәрілер мен қосалқы бөлшектерді жиі жағдайда бір-бірімен алмастыру мүмкін емес. Бұл техниканың жиі істен шығуына әкеледі және жөндеуді қиындатады".
Америкалық БАҚ өз мақаласын шведтік Saab зауытының суреттерімен иллюстрациялаған. Ресейде бұл зауыт өз көліктерімен танымал. Дегенмен Saab жүз жылға жуық уақыттан бері еуропалық әскери-өнеркәсіптік кешені көшбасшыларының бірі болып келеді.
1930 жылдары шведтер неміс ұшақтарын өндірушілерге қолдау көрсетті: Версаль келісімі бойынша Германияға ұшақ өндірісіне тыйым салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде швед-неміс компаниялары Үшінші рейхті ұшақтармен қамтамасыз етті. Saab-18 жақсы бомбалаушы, Saab-21 жойғыш ұшақ болды.
Соғыстан кейін концерн өзінің ұшақтары мен қару-жарақтарын экспортқа сатты. Соңғы бір жарым жылдан бері ол Украина Қарулы күштерін танкке қарсы басқарылатын зымырандармен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі күні Швеция НАТО-ға бір табан жақындады. Америкалықтардың пайымдауынша, швед концернін еуропалық қарулану саласындағы көшбасшылардың біріне айналдыратын уақыт келді.
Дегенмен еуропалық әскери-өнеркәсіптік кешенге өз ішінде терең бәсеке тән. Өндірушілер белгілі бір шетелдік тұтынушыларға бейімделе отырып, экспортқа қару шығарады. Егер олар өз өнімдерінің сипаттамаларын өзгертсе, олар тұтынушыларын жоғалтады.
Оның үстіне ЕО ұлттық үкіметтері қорғаныс өнеркәсібін тәуелсіз ұстауға тырысады. Сондықтан олар оны мұхиттың арғы жағындағыларға беріп қоя салмас.
Өндірілген қару-жарақ түрінде толық сәйкессіздік болуы осы себепті таңқаларлық жағдай емес. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерге арналған НАТО стандарттарына еуропалық әскери-өнеркәсіп кешені өнімдерінің тек 18 пайызы сәйкес келеді. Қазіргі таңда Еуропада "Ховитцерлердің" 27 түрі, жойғыш ұшақтың 20 түрі, мина тасымалдаушы пен фрегаттың 26 түрі шығарылатынына америкалықтар наразы. Сондықтан америкалық басылым еуропалықтар өз қаруларын біріздендіру қажет екенін жазды.
Еуропалықтар Украинамен қақтығыстан кейін Ресей өздеріне шабуыл жасайды деп күтіп отыр. Олардың қорғаныс өнеркәсібіне ден қоюы да сондықтан. Алайда, Ресей олар күткендей қарсы әрекетке көшпесе ше? Онда қарулану жарысы Еуропа экономикасын тіпті тоқыратқаны белгілі болады. Ал Еуропа экономикасы коронавирус локдаундары және антиресейлік санкциялар салдарынан әлі е жийып үлгерген жоқ.
Лондондағы Пол Тейлор Еуроодақта әскери шығындарға салық енгізу дұрыс емес, одан да ұйымға қорғаныс өнеркәсібі үшін бірлескен несие алғаны тиімді болады деп санайды. Олай болса қайдан қарыз алу керек? Әрине, сөзсіз Лондон мен Вашингтоннан. Олар кредитті барлық еуропалық елдің қорғаныс кешендерін толығымен біріктіру шартымен беретіні де белгілі. Себебі Еуропаны бір үлкен қорғаныс зауытына айналдыру олардың түпкі мақсаты болып отыр, деп жазды РИА Новости.