https://sputnik.kz/20230913/euraziyalyq-qayta-saqtandyru-kompaniyasy-qurylady--deputattar-zandy-qabyldady-38412762.html
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады – депутаттар заңды қабылдады
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады – депутаттар заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге сыртқы және өзара сауда бойынша сақтандыру қызметін ұсынады 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T12:29+0500
2023-09-13T12:29+0500
2023-09-13T12:29+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29285132_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9d7cf39eba88125fae586f72065fdb36.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім 2022 жылы 20 қазанда Ереван қаласында рәсімделген болатын. Оған сәйкес, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы халықаралық қаржы ұйымы ретінде құрылады. Оның жұмысын бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь пен Қырғызстан реттейді.Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге сыртқы және өзара сауда бойынша сақтандыру қызметін ұсынады. Инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін береді деген жоспар бар. Компания экспорттық займдарды сақтандырып, кредиттік агенттіктермен және сақтандырушылармен жұмыс істейді.Келісімге сәйкес, компанияның жарғылық капиталы 15 млрд рубльді (шамамен 85 млрд теңге) құрайды:Айта кетері, келісімді барлық мемлекет ратификациядан өткізу керек. Сонда ғана Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы өз жұмысына кіріседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29285132_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_db68256a90c1a06ecc2c70e346d8bb09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады – депутаттар заңды қабылдады
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге сыртқы және өзара сауда бойынша сақтандыру қызметін ұсынады
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісім 2022 жылы 20 қазанда Ереван қаласында рәсімделген болатын. Оған сәйкес, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы халықаралық қаржы ұйымы ретінде құрылады. Оның жұмысын бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь пен Қырғызстан реттейді.
"Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қатысуымен Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру қатысушы елдердің экспорттық-импорттық қарым-қатынастарын дамытуға, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, экспорттық кредиттерді қайта сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыру жолымен тараптардың үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге қолайлы әсер етеді", - дейді депутат Сабильянов.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге сыртқы және өзара сауда бойынша сақтандыру қызметін ұсынады. Инвестициялық ынтымақтастыққа тың серпін береді деген жоспар бар. Компания экспорттық займдарды сақтандырып, кредиттік агенттіктермен және сақтандырушылармен жұмыс істейді.
Келісімге сәйкес, компанияның жарғылық капиталы 15 млрд рубльді (шамамен 85 млрд теңге) құрайды:
Қазақстан - 3 млрд рубль - 20%,
Ресей - 6 млрд 750 млн рубль - 45%,
Армения - 450 млн рубль - 3%,
Беларусь - 4 млрд 500 млн рубль - 30%,
Қырғызстан - 300 млн рубль - 2%.
Айта кетері, келісімді барлық мемлекет ратификациядан өткізу керек. Сонда ғана Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы өз жұмысына кіріседі.