https://sputnik.kz/20230913/astanada-turgyndar-baspanasynyn-suriluine-qarsy-shyqty-38397199.html
Астанада тұрғындар баспанасының сүрілуіне қарсы шықты
Астанада тұрғындар баспанасының сүрілуіне қарсы шықты
Sputnik Қазақстан
Төрт үйдің тұрғындары өтемақыны 81 млн-нан 40 млн-ға түсіріп тастағанына наразы 13.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-13T08:02+0500
2023-09-13T08:02+0500
2023-09-13T08:19+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32908792_0:0:3076:1731_1920x0_80_0_0_98fa993bc8e7d9f7a1acf0c5e202dcad.jpg
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Елордада жеке секторда тұтас бір көше сүрілді. Ал қалған төрт үйдің тұрғындары үйінің үйіндіге айналуына қарсы. Тіпті сот шешіміне қарамастан, көшуден бас тартып отыр.Астананың ескі орталығындағы Училищная көшесінде сүрілмеген төрт үй бар. Сондағы екі отбасы ондаған жыл бойы пана болған баспанасын қимай, босатудан бас тартып келеді. Ал жер дауына мектеп себеп. Әкімдік бұл жерге білім ордасын салмақшы.Тұрғындар көршілерге лайықты баға, ал өз үйлеріне өтемақы әділетсіз беріліп жатқанын алға тартады, деп хабарлады КТК.Жапсарлас орналасқан көршілер де өтемақының көлеміне көңілі толмайды. Үлкен әулеттің мүшелері мамандар сараптама кезінде жақсы жерде орналасқан жайлы қоныстарын елорданың шетіндегі инфрақұрылымы жоқ үйлермен салыстырғанына наразы."Осы үйде үш ұрпақ тұрамыз. Көршілерде 78 үй сүрілді. Әкімдік тарапынан бір шаршы метрге 500 мың теңгеден баға берді. Ал бізге келгенде, біздің бағамызды 81 млн-нан 40 млн-ға түсіріп тастады. Күнде келіп, қарт әке-шешемізді қорқытып, "шығыңыздар, босатыңыздар" деп талап етіп жатыр. 40 млн-ға қандай үй ала аласыз? Осы жерден мүлде ала алмаймыз. Қаланың сыртынан ғана ала аламыз", - дейді Айгүл Тұрысбекова.Ал жауапты мекеме бағалау барлық ережемен жүргізілгенін айтады. Сот та әлдеқашан шешім шығарып қойған. Кімде-кім бұл шарттармен келіспесе, құзырлы органға шағымдансын дейді."Шынымды айтсам, әр адам өзінің үйі көршісінен қымбатырақ болғанын қалайды. Мәселе мүліктің нарықтағы құнында. Әкімдік лайықты өтемақы төлейтінін жақсы білеміз. Әрбір есептеуде белгілі бір қателіктер болады. Бірақ үлкен сома деп айта алмаймын. Бағалау, әлбетте, оңай емес қой. Бәрінің көңілін таба алмайсың", - дейді Астана қаласы "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК директоры Александр Строчков.Жалпы бұл ауданда барлығы қырықтан астам үй сүріліп, олардың иелеріне өтемақы төленіп, олар сол бағаға келіскен. Ал мына соңғы қалған үйлердің тұрғындарына ертең кезекті рет сот орындаушылары келіп, үйді босатуын талап етеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0e/32908792_218:0:2949:2048_1920x0_80_0_0_83cf09debb3de2b225d2d9772ecaacf3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанада тұрғындар баспанасының сүрілуіне қарсы шықты
08:02 13.09.2023 (жаңартылды: 08:19 13.09.2023) Төрт үйдің тұрғындары өтемақыны 81 млн-нан 40 млн-ға түсіріп тастағанына наразы
АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Елордада жеке секторда тұтас бір көше сүрілді. Ал қалған төрт үйдің тұрғындары үйінің үйіндіге айналуына қарсы. Тіпті сот шешіміне қарамастан, көшуден бас тартып отыр.
Астананың ескі орталығындағы Училищная көшесінде сүрілмеген төрт үй бар. Сондағы екі отбасы ондаған жыл бойы пана болған баспанасын қимай, босатудан бас тартып келеді. Ал жер дауына мектеп себеп. Әкімдік бұл жерге білім ордасын салмақшы.
Тұрғындар көршілерге лайықты баға, ал өз үйлеріне өтемақы әділетсіз беріліп жатқанын алға тартады, деп хабарлады
КТК."Күнде үйімізді күзетеміз. Біреу-міреу қоңырау шалса, ата-аналар не істерін білмейді. Анау жолы электр қуаты өшіп қалды. Бәлкім енді жарықты сөндіре бастайтын шығар деп топшыладық. Мұндай ыңғайсыз жағдайларды бұрын естуші едік. Бізді қорқыту үшін жасалған әрекет қой. Бірте-бірте жарық пен судан ажыратпақ", - дейді Амархан Газдиев.
Жапсарлас орналасқан көршілер де өтемақының көлеміне көңілі толмайды. Үлкен әулеттің мүшелері мамандар сараптама кезінде жақсы жерде орналасқан жайлы қоныстарын елорданың шетіндегі инфрақұрылымы жоқ үйлермен салыстырғанына наразы.
"Осы үйде үш ұрпақ тұрамыз. Көршілерде 78 үй сүрілді. Әкімдік тарапынан бір шаршы метрге 500 мың теңгеден баға берді. Ал бізге келгенде, біздің бағамызды 81 млн-нан 40 млн-ға түсіріп тастады. Күнде келіп, қарт әке-шешемізді қорқытып, "шығыңыздар, босатыңыздар" деп талап етіп жатыр. 40 млн-ға қандай үй ала аласыз? Осы жерден мүлде ала алмаймыз. Қаланың сыртынан ғана ала аламыз", - дейді Айгүл Тұрысбекова.
Ал жауапты мекеме бағалау барлық ережемен жүргізілгенін айтады. Сот та әлдеқашан шешім шығарып қойған. Кімде-кім бұл шарттармен келіспесе, құзырлы органға шағымдансын дейді.
"Шынымды айтсам, әр адам өзінің үйі көршісінен қымбатырақ болғанын қалайды. Мәселе мүліктің нарықтағы құнында. Әкімдік лайықты өтемақы төлейтінін жақсы білеміз. Әрбір есептеуде белгілі бір қателіктер болады. Бірақ үлкен сома деп айта алмаймын. Бағалау, әлбетте, оңай емес қой. Бәрінің көңілін таба алмайсың", - дейді Астана қаласы "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК директоры Александр Строчков.
Жалпы бұл ауданда барлығы қырықтан астам үй сүріліп, олардың иелеріне өтемақы төленіп, олар сол бағаға келіскен. Ал мына соңғы қалған үйлердің тұрғындарына ертең кезекті рет сот орындаушылары келіп, үйді босатуын талап етеді.