Жүк көліктерін заңсыз тіркеген мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ұсталды

© Sputnik / Владимир Корнев / Медиабанкке өтуФуралар, архивтегі фото
Фуралар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
Қылмыстық іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айланысқан қылмыстық топ, оның ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) қызметкерлері ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының халыққа қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын ұсыну фактілерін анықтады.
"Қылмыстық іс-әрекеттің салдарынан мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді", - деп атап өтті ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2022
Қоғам
Астанада мамандандырылған ХҚКО басшысы мен төрт полицей ұсталды
Жаңалықтар
0