Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
12 қыркүйек күні таңертең қайтыс болды
АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жасар қызды тоқ соққан болатын. Анықталғандай ол бүгін,12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды.
9 жасар қыз ауруханаға ес-түссіз күйде ауыр жағдайда түсіп еді. Қыздың қайтыс болғанын Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. Кішкентай қыз оқыс оқиғадан кейін осы ауруханаға жатқызылған болатын.
Кейіннен денсаулық сақтау министрлігі ұлттық шұғыл медицина орталығының дәрігерлерін тоқ соққан 9 жастағы қызға көмек беру үшін Қостанайға жіберді.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2023
Астаналық дәрігерлер Қостанайда тоқ соққан қызға аттанды
Жаңалықтар
0