Қазақстанда қазіргі уақытта 11 мыңға жуық адамға іздеу жарияланған – Бас прокуратура

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта 10 748 адам іздестірілуде, олардың 2 176-сы – хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жоғалған адамдардың көп бөлігі:
Алматы қаласы - 287;
Қарағанды облысы-221;
Павлодар облысы-170;
Алматы облысы - 167 тіркелген.
Көбінесе 30 -дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).
Үйден кетіп, оралмаған - 1 634 адам,
автокөлікпен жоғалған – 74,
жұмыстан кеткен-36.
Сондай-ақ, Қазақстанда тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.
Іздеуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).
Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:
Алматы қаласында (514)
Астана қаласында (185)
Шымкент қаласында (155)
Алматы (143)
Қарағанды (140) облыстарында іздестірілуде.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2023
Қоғам
Халықаралық іздеуде болған қазақстандық Ресейде ұсталды
Жаңалықтар
0