Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

© Photo : Официальный сайт правительства КРСитуация на кыргызско-казахской границе
Ситуация на кыргызско-казахской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Беларусь Республикасына экспортты ілгерілету мақсатында металлургия, тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі және машина жасау сияқты салаларда 105 қазақстандық шикізаттық емес тауарлардың алдын ала тізбесі айқындалды.
Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Алексей Богдановпен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды.
Тараптар өсіп келе жатқан тауар айналымының оң динамикасын бағалады, 2022 жылы көрсеткіш 1,1 млрд АҚШ долларына жетті. Осы жылдың 6 айы ішінде де екі ел арасындағы сауда айналымының оң динамикасы байқалды, ол 1,5% құрады (456 млн АҚШ доллары)
Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастар мен өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін көпжақты форматта талқылады.
"Мемлекет басшылары екі елдің үкіметтерінің алдына сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан-Беларусь қатынастарын жан-жақты дамыту аясында нақты міндеттер қойды. Біз тауар айналымды ұлғайтуға ұмтылуымыз керек және бұл үшін үлкен әлеуетіміз бар", - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
Өз кезегінде Алексей Богданов Қазақстанмен серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, ол Арман Шаққалиевті министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, саланың дамуы мен жетілдірілуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауданың дамуына әсер ететін шектеулерді алып тастау мәселелері бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға үміт білдірді.
Мемлекет басшылары Астанада өткен АӨСШК саммитінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
"Ядролық қарудың керегі жоқ": Тоқаев Беларусь президентіне жауап берді
Жаңалықтар
0