https://sputnik.kz/20230912/keybir-zhylu-elektr-ortalyqtarynda-zan-buzushylyqtar-anyqtaldy--tekseris-qorytyndysy-38384963.html
Кейбір жылу электр орталықтарында заң бұзушылықтар анықталды – тексеріс қорытындысы
Кейбір жылу электр орталықтарында заң бұзушылықтар анықталды – тексеріс қорытындысы
Sputnik Қазақстан
Станциядағы қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін 12.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-12T14:14+0500
2023-09-12T14:14+0500
2023-09-12T14:14+0500
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/07/37316913_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_3c6207446703c2d6e7be0069c2bb1c72.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу электр орталығының (ЖЭО) қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Прокуратура органдары 11 жекеменшік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс істеу тапсырылды.Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданады.Сондай-ақ комиссия отырысында еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды.Тиісті инфрақұрылымы бар бұл компаниялардағы мемлекеттік үлестер кезінде арзандатылған бағамен жеке қолға өткен. Салдарынан бұл газ тасымалдау нарығының монополиялануына және қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне алып келді.Әлихан Смайылов уәкiлеттi ведомстволарға осы активтердi заң талаптарына сай мемлекет меншiгiне қайтару мәселесiн жедел пысықтауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/07/37316913_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_57bb9379bb4faf9e024cea35186de90b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы
Кейбір жылу электр орталықтарында заң бұзушылықтар анықталды – тексеріс қорытындысы
Станциядағы қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу электр орталығының (ЖЭО) қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Прокуратура органдары 11 жекеменшік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.
"Тексеру барысында кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Станциядағы қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс істеу тапсырылды.
Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданады.
Сондай-ақ комиссия отырысында еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды.
Тиісті инфрақұрылымы бар бұл компаниялардағы мемлекеттік үлестер кезінде арзандатылған бағамен жеке қолға өткен. Салдарынан бұл газ тасымалдау нарығының монополиялануына және қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне алып келді.
Әлихан Смайылов уәкiлеттi ведомстволарға осы активтердi заң талаптарына сай мемлекет меншiгiне қайтару мәселесiн жедел пысықтауды тапсырды.