Өңірлер

Атырауда достарымен балық аулауға шыққан ер адам жоғалып кетті

© Sputnik / Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.09.2023
Жазылу
36 жастағы ер адамды полицейлер, ұландықтар мен сүңгуірлер іздеп жатыр
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адамды осымен үшінші күн іздеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Туыстары полицияға 10 қыркүйекте хабар берген. Олардың айтуынша, 1987 жылғы Ербол Құсайынов достарымен бірге балық аулауға кетіп, сол күйі үйге оралмаған.
Атырау облысының құзырлы органдары жоғалған ер адамды осымен үшінші күн іздеп жатыр. Іздеу жұмыстарына облыстық полиция департменті, ТЖ департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы, кинология бөлімшесі мен сүңгуірлер жұмылдырылған.
Полиция әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпаратты таратпауды және жоғалған азаматқа қатысты нақты деректер болса "102" операторына хабарлауды сұрады.
Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2023
Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шығып жоғалып кеткен үш қыз табылды
Жаңалықтар
0