https://sputnik.kz/20230912/astana-akimi-kolik-keptelisi-maselesin-qalay-sheshetinin-aytty-38386192.html
Астана әкімі көлік кептелісі мәселесін қалай шешетінін айтты
Астана әкімі көлік кептелісі мәселесін қалай шешетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Осы жылдың соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірде көлік қозғалысы ашылады 12.09.2023, Sputnik Қазақстан
2023-09-12T15:10+0500
2023-09-12T15:10+0500
2023-09-12T15:10+0500
елорда тынысы
астана жаңалықтары
көлік кептелісі
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450652_0:0:3075:1729_1920x0_80_0_0_204ce0b09bd93a3bbc334c95fccf19bd.jpg
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Әкімнің ақпаратынша, қалада 430 мыңға жуық автокөлік бар. Күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік қиылыстары, жаңа көшелер салу, жол жөндеу жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.Оның айтуынша, бұл көпір сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.Сондай-ақ келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салу жоспарланып отыр. Бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік ағынын сейілтеді.Сол сияқты келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар.Қала басшысы былтыр Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылғанын еске салды. Айтуынша, бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетті."Сонымен қатар, биыл қалаға 400-ге жуық автобус енгіземіз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде желіге шығарылды. Жоғарыда айтылған шаралар, оның ішінде көшелер салу және жөндеу, ақылды бағдаршамдар орнату және автобус желілерін енгізу қаланың көлік желісін айтарлықтай жақсартады", - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.
https://sputnik.kz/20230909/astanada-avtoturaq-aqysyn-toleuge-arnalgan-parkomattar-buzylady-38315838.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/13/18450652_222:0:2527:1729_1920x0_80_0_0_6c94d566341db44127740b06b546c0a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана жаңалықтары, көлік кептелісі
астана жаңалықтары, көлік кептелісі
Астана әкімі көлік кептелісі мәселесін қалай шешетінін айтты
Осы жылдың соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірде көлік қозғалысы ашылады
АСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімнің ақпаратынша, қалада 430 мыңға жуық автокөлік бар. Күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік қиылыстары, жаңа көшелер салу, жол жөндеу жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
"Қарбалас уақытта көлік көп жүретін учаскелердің бірі – Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Сарайшық, Қонаев көшелері және тағы басқа. Осы жылдың соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу бұл мәселенің ішінара шешімі болмақ. Бұл көпір жолдағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деп жазды Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, бұл көпір сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ келесі жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салу жоспарланып отыр. Бұл қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік ағынын сейілтеді.
Сол сияқты келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар.
Қала басшысы былтыр Ұлы Дала даңғылы бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылғанын еске салды. Айтуынша, бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетті.
"Сонымен қатар, биыл қалаға 400-ге жуық автобус енгіземіз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде желіге шығарылды. Жоғарыда айтылған шаралар, оның ішінде көшелер салу және жөндеу, ақылды бағдаршамдар орнату және автобус желілерін енгізу қаланың көлік желісін айтарлықтай жақсартады", - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.