Қызылорда облысында екі бала газдан уланып көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в пробке
Автомобиль скорой помощи в пробке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2023
Жазылу
Олар алты және үш жаста болған
АСТАНА, 11 қыркүйек - Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі ауылында екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 11 қыркүйек күні таңертең Бекежанов көшесіндегі жері үйде болған.

"Алдын ала болжам бойынша 2017 және 2020 жылы туған балалар табиғи газдың ағуынан уланып, қайтыс болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 1 қызметкері барды", - делінген депаратмент хабарламасында.

Жаңалықтар
0